Алматыда алғаш рет PM2.5 бөлшектерінің химиялық құрамы анықталып, смогтың негізгі көздері белгілі болды. Зерттеуді Almaty Air Initiative сарапшысы қатысқан қазақстандық және халықаралық ғалымдар тобы жүргізді. Ластану себебінің жартысынан көбі (54%) жану процестеріне, соның ішінде ЖЭО шығарындыларына, жеке тұрғын-үй секторындағы отын жағуға және атмосферада түзілетін қосалқы аэрозольдарға байланысты.
Ауа сынамасы 2022 жылғы тамыз бен 2023 жылғы шілде аралығында алынды. Математикалық үлгілеудің (PMF) озық әдісі арқылы халықаралық ғалымдар тобы, химиялық “маркерлерді” және ластанудың негізгі көздерін анықтай алды. Бұл топтың құрамында Almaty Air Initiative қызметкері Равқат Мұқтаров та болды. Бұл әдіс көмір жағудан бастап, шинаның тозуына дейін барлық көздің үлесін нақты анықтауға көмектеседі.
Смогтың жалпы көрінісіне әсер ететін зерттеудің негізгі қорытындылары:
- Көмір мен биомассаны жағу — 34%
ЖЭО мен қазандықтар (18%) жеке тұрғын үйді жылытумен бірге (16%) ластанудың үштен бір бөлігін құрайды. Ғалымдардың айтуынша қыста ауаның дұрыс араласпауының себебінен жергілікті көмір мен отынды жағу қалалықтардың денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. - Ластағыштардың жиналуы әсері — 20%
Алматының географиялық ерекшеліктеріне (шұңқырда орналасуы) және араласу қабатының (PBLH) төмен болуына байланысты ластағыш заттар таралмай, ауада жиналып, химиялық реакцияға түсіп, ауаның уыттылығын арттырады. Бұл “коктейльде” көмір мен биомассаны жағудың және өнеркәсіп қызметінің іздері басым. - Жолдағы шаң (32%). Бұл қаланың динамикасына: көлік қозғалысына, құрылыс жұмыстарына және тұрғындардың тіршілігіне байланысты үнемі ауада тұратын қаланың ластануының табиғи фоны. Оның құрамында топырақ бөлшектері, асфальт пен шинаның, тежегіш қалыптардың үйкелісінен шыққан тозаң бар. Бұл шаңның негізгі көздері – ірі магистральдар (Әл-Фараби даң. ШААЖ), бұл жерлерде көлік ағыны ұсақ бөлшектерді үнемі ауаға көтеріп тұрады. Негізінен өкпемізге түсетін әрбір қауіпті бөлшек – үйкелген асфальт пен резеңкенің тозаңдары.
- Автокөліктің шығарынды газдары (14%): Қозғалтқыштардағы жанармайдың жануынан болатын шығарындылардың өзі 14%-ды құрайды. Алайда жол шаңын адамның тыныс алу мүшесіне “жеткізуде” көліктің де үлесі зор.
Жұлдыз Сәулебекова, Almaty Air Initiative қорының басшысы:
“Ерекше баланың анасы ретінде мен үшін бұл зерттеудің нәтижелері – өте маңызды белгі. Біз PM2.5 – химиялық қоспалардан тұратын коктейль екенін көрдік. Бұл бөлшектердің құрамында ауыр металдар, соның ішінде мырыш пен алюминий анықталды. Олардың адам ағзасында жиналуы жүйке ауруларының дамуымен және баланың миының дамуындағы бұзылыстармен тікелей байланысты.
Датчиктердің желісінің арқасында қаладағы смогтың деңгейі мен масштабтарының деңгейі және өкпеміз бен қанымызға не түсетіні түсінікті болды, және біз қандай көздер осы ластануды қалыптастыратыны туралы қорытынды жасай аламыз.
Алматыдағы смог – бірнеше ластану көзінің бір мезгілдегі әсерінің нәтижесі. Сондықтан шешімдер жүйелі болуы керек – көмірді жағуды азайту, шаңды басу және қалалық бақылау және инфрақұрылымды өзгерту арқылы көлік шығарындыларын қадағалау сияқты шаралар қолдану керек”.
Зерттеу қаланың оңтүстік бөлігінен – Әл-Фараби ат. ҚазҰУ аумағынан алынған ауа сынамаларына негізделеді. Бұл ауданда ғимараттар көп және көлік жүктемесі де ауқымды. Алайда ғалымдардың қорытындысы алаңдатады: тіпті қаланың өнеркәсіп аймақтарынан алшақ осы “жоғарғы” жағында да көмір түтінінің (ЖЭО мен жеке тұрғын үй секторы) үлесі өте зор. Almaty Air Initiative сарапшыларының айтуынша, оңтүстік аймақтарда көмірдің әсері қатты білінсе, онда төменгі жағында – ЖОЭ-ға жақын жерде және жеке тұрғын үй секторында бұл жағдай тіпті нашар болуы мүмкін.
Зерттеу авторлары төрт блокқа бөлінген нақты шараларды ұсынып отыр:
ЖЭО үшін: шұғыл түрде газға ауысу және заманауи сүзгілер орнату (ЕО тәжірибесіне сәйкес бұл қатты заттардың шығарындысын 90%-ға төмендетеді).
Жеке тұрғын-үй секторы үшін: көмір сатуға тыйым салу, газға субсидия бөлу және жылуды жоғалтпау үшін және отын қажеттілігін азайту үшін үйлердің сыртын жылыту.
Көлік үшін: қоғамдық көлікті және микромобильділікті дамыту, техникалық байқауға қатаң талаптар қою.
Қала үшін: PM2.5 деңгейі бойынша бір жылдық мақсат енгізу (25 мкг/м³) және бұл шаралардың қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін мониторинг желісін кеңейту.
Зерттеудің толық түсіндірмесі Almaty Air Initiative сайтында берілген:
https://air.org.kz/ru/research/osnovnye-istochniki-vybrosov-pm2-5-v-almaty/
Анықтама:
«Dominant sources of PM2.5 in Kazakhstan’s urban cities: A PMF and HYSPLIT-based study for air quality management in Central Asia» зерттеуі Urban Climate халықаралық ғылыми журналында жарияланған және оны мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S2212095525004225?via%3Dihub
Зерттеу авторлары қазақстандық ғалымдар:
Қазбек Тұрсын, Анара Омарова, Ольга Ибрагимова, Бауыржан Бүкенов, Мадина Тұрсымбаева, Равқат Мұқтаров, Иван Раделюк, Serpil Yenisoy, Duran Karakaş, Hatice Ergin, Ferhat Karaca, Насиба Байматова.
PM2.5 – өкпеге терең еніп, қан жүйесіне түсе елетын микроскопиялық бөлшектер. Халықтаралық медициналық зерттеулердің деректері бойынша PM2.5 ұзақ мерзімді әсері жүрек-қан тамырлары ауруларына, өкпе ауруларына және ерте өлім жағдайларына себеп болуы мүмкін.