Тәсіл

ТӘСІЛ

БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ

Алматыдағы ауа сапасын жақсарту үшін біз AIR-TARGET фреймворкін жасадық. Ол дамытуды және жеделдетуді қажет ететін үш негізгі процеске (AIR) және ауқымдандырудың алты құралына (TARGET) сүйенеді.

A

Awareness (Хабардарлық)

Біз халықтың ластанудан қорғану және жеке шығарындыларды азайту маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға ұмтыламыз. Хабардар адамдар өздерін ғана қорғамай, жеке үлесін де азайтады және экологиялық реформаларды қолдайды.

I

Infrastructure Changes (Инфрақұрылымдық өзгерістер)

Қалалық ауа ластануын азайту үшін қажет инфрақұрылымдық өзгерістерді қолдаймыз және ілгерілетеміз: қоғамдық көлік жүйесін кеңейту, электробустар мен электромобильдер санын көбейту, қаладағы автокөлік санын (әсіресе экологияға зияндысын) қысқарту, ЖЭО-ларда сүзгілер мен экологиялық таза энергия көздерін енгізу, үй шаруашылықтарын газға қосу және басқа да шаралар.

R

Regulation (Реттеу)

Тұрақты өзгерістер үшін таза ауа мемлекеттік басымдыққа айналуы тиіс. Біз шығарындыларды қысқартуға бағытталған заңнамалық бастамаларды және мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы конструктивті диалогты қолдаймыз.

ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ

Қордың жұмысы алты бағыт бойынша ұйымдастырылған:

T

Technology (Технология)

Технологиялар уақыт пен ресурсты үнемдей отырып, ауқымды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Біз ауа сапасын мониторингтеу, ластануды азайту және адамдарды оның әсерінен қорғау үшін технологиялық шешімдерді әзірлейміз, бейімдейміз және енгіземіз.

A

Art (Өнер)

Өнер қоғамдық санаға ықпал етіп, эмоция тудырып, әлеуметтік мәселелерді қабылдауды өзгерте алады. Көрнекі бейнелер мен креативті жобалар арқылы біз ауа ластануы проблемасына кең аудиторияның назарын аударамыз, әрекет етудің және жеке қатысудың маңызын айқындаймыз.

R

Research (Зерттеу)

Ауа сапасы және оның қоршаған ортаға әсері жөніндегі зерттеулер инфрақұрылымды дамытуға, өзгерістер енгізуге және ластануды азайтуға бағытталған шешімдерге берік негіз қалайды.

G

Governance (Басқару)

Ауа ластануы — мемлекеттік деңгейдегі мәселе, оны мемлекеттік органдардың қатысуынсыз шешу мүмкін емес. Біз уәкілетті органдармен конструктивті диалог жүргіземіз және оң экологиялық өзгерістерге бағытталған құжаттарды әзірлеуге қатысамыз.

E

Education (Білім беру)

Білім беру тек ақпарат жеткізумен шектелмейді; ол экологиялық жағдайды өзгертуі мүмкін ғылыми серпілістерге алаң жасайды. Біз шығарындыларды азайтуға және ресурстарды тиімді басқаруға бағытталған технологиялар мен шешімдерді дамыту үшін білім беру ұйымдарымен серіктестік құрамыз. Сонымен қатар, білім беру арқылы ауа ластануы мәселесіне көзқарасты өзгертуге ұмтыламыз: балалар мен ересектерге экологиялық проблемалардың денсаулық пен әл-ауқатқа әсерін түсіндіреміз. Бұл қазіргі және болашақ ұрпақтың экологиялық реформаларға жауапты әрі бейжай қарамайтын болуына септігін тигізеді.

T

Trends & Media (Трендтер мен медиа)

БАҚ және өзге медиа-ресурстар қоғамдық сұранысты қалыптастыруға және идеяларды жылдам таратуға көмектеседі. Алматыдағы ауа ластануы мәселесін бірден шешу мүмкін емес, бірақ оны шешу үшін бұл тақырыптың күн тәртібінде үнемі өзекті әрі трендте болуы маңызды. Сондықтан біз БАҚ-пен белсенді жұмыс істеп, әлеуметтік желілерде парақшалар жүргіземіз және қоғамның қызығушылығын жоғары деңгейде ұстаймыз.