
Almaty Air Initiative қоры Қытайда ауа ластануымен күресу ұлттық бағдарламасын әзірлеп енгізген және он жыл ішінде Бейжіңдегі PM2.5 концентрациясын 64%-ға төмендеткен Қытай экологиялық ғылымдар ғылыми-зерттеу академиясының (CRAES) жетекші ғалымдарының қатысуымен халықаралық семинар өткізді. БҰҰ мен Дүниежүзілік банк бұл Бейжің кейсін дамушы мегаполистерге үлгі деп таныды.
Семинар қордың ауқымды бағдарламасының алғашқы қадамы болды: Almaty Air Initiative қаланың таза ауа саласындағы саясаты жорамалдарға емес, дәлелденген ғылыми тәсілдерге сүйенуі үшін Алматыда халықаралық тәжірибе алмасу жүйелі арнасын қалыптастырып келеді. Бұл шара Алматы қаласын дамыту орталығының қолдауымен өтті және үкіметтің, бизнестің және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін бір ортаға жинады.
Жұлдыз Сәулебекова, Almaty Air Initiative қорының атқарушы директоры:
“Қазір Алматы қаласы Қытай 10-15 жыл бұрын шешіп бастаған сынақтардың алдында тұр. БҰҰ мен Дүниежүзілік банк әлемдегі ең табысты кейстердің бірі деп таныған осы Бейжің кейсінің тәжірибесіне Алматының қолы тікелей жетуі үшін, оның авторларын осында алып келдік. CRAES-пен өткен семинар осындай жүйелі ынтымақтастық қалыптастырудың алғашқы қадамы болды”.
CRAES Қытай мамандары – Чжаньцзюнь Цюань, академия вице-президенті, Чжан Гао, Атмосфераны зерттеу институты директорының орынбасары және Тао Гу, атмосфера ортасы департаментінің директоры “деректер – саясат – бақылау – түзету” қағидасына негізделген тәсілді таныстырды.
Алматыда пайдалануға болатын негізгі бағыттардың арасында:
Көмірден “таза отынға” ауысу
Қытайда 39 миллионнан астам үй шаруашылығы көмірден тазарақ отын көздеріне ауысты және бұл ластануды төмендетудің негізгі факторларының бірі болды.
Өнеркәсіпті қатаң дифференциялау
Кәсіпорындар санаттарға бөлінеді:
- ірілері стандарттарды қатаң сақтауы қажет,
- орташалары жаңартылады,
- ескірген және заңсыздары – нарықтан шеттетіледі.
Көлікті және дизель шығарындыларын бақылау
Ластанудың басты көзі ретінде дизельдік отынға ерекше назар бөлінген:
- стандарттарды қатаңдату,
- автопаркті жаңарту,
- жүк тасымалын автокөліктерден темір жолға ауыстыру.
Қала шаңын жүйелі түрде бақылау
Қытайда шаң ластанудың жеке көзі ретінде қарастырылады және құрылыс алаңдарын, ашық аумақтарды және қалалық беткейлерді мониторингілеу арқылы бақыланады.
Ғылыми деректерге және “бір қала – бір саясат” қағидасына сүйене отырып ластану көздерінің нақты бейнесін қалыптастыратын қалалық ауа сапасы жоспарын әзірлеу қажеттілігі атап өтілді.
CRAES сарапшылары айтып кеткендей, Қытайда “бәріне ортақ шешім жоқ” деген қағиданы ұстанады. Әр қала ластану көздерінің, климаттық және географиялық жай-күйдің құрылымы және экономикалық профиль негізінде өз стратегиясын құруы керек. Ол үшін елде ең ірі ластанған аймақтарда қаланы басқару жүйесіне біріктірілген тұрақты ғылыми командалар жұмыс істейді.
Қытай тәжірибесіне қарасақ, ауа ластануымен күресу үшін бірнеше шартты бір мезетте орындай білу керек:
- нақты деректер мен мониторинг болуы керек,
- саяси ерік және ұзақ мерзімді стратегия,
- реттеу және экономикалық стимул үйлесімдігі,
- шаралар тиімділігін үнемі бағалап отыру.
Almaty Air Initiative CRAES ұсыныстарын қорытындылап, жақын айларда қала үкіметіне ұсыныстар пакетін дайындайды. Барлық материал ашық жарияланады, қордың мақсаты тек саясатқа ықпал ету емес, қалалықтарды тыныс алып отырған ауа қалай өзгеріп жатқанын хабардар етіп отыру.