Әрбір темекі шекпейтін алматылық жылына 24 қорап темекі «тартқандай» болады

Almaty Air Initiative зерттеушілерінің 2023 жылғы деректері негізінде жүргізген есептеуіне сәйкес, орташа алматылық жыл сайын 487 темекіге тең ластануды жұтады. Бұл — әрбір ер адам, әйел мен бала үшін жылына 24 қорап темекіге тең.

Есептеулер үшін екі негізгі дереккөз пайдаланылды:

  • Clarity Movement (openmap.clarity.io) мониторинг желісінің ауадағы ластаушы заттардың концентрациясы туралы деректері,
  • және Ричард А. Мюллер (Richard A. Muller) мен Элизабет А. Мюллер (Elizabeth A. Muller) жүргізген зерттеудің нәтижелері.

Біз зерттеушілер Ричард пен Элизабет Мюллер қолданған ережені негізге алдық: ауадағы PM2.5 деңгейі тәулігіне 22 мкг/м³ болған жағдайда, бұл бір темекі тартуға тең. Егер бұл деңгей екі еселенсе, онда күніне екі темекіге тең болады. Темекі шегудің және ластанған ауаның адам өліміне әсері салыстырылып, олардың салыстырмалы зияны есептелді. Әрине, темекі шегуден айырмашылығы, ауаның ластануы барлық жас топтарына әсер етеді.

2023 жылы Алматыдағы орташа PM2.5 деңгейі 30 мкг/м³ болды. Бұл — орташа алматылық үшін күніне 1,4 темекіге, немесе жылына 487 темекіге тең.

Бұл үрейлі естіледі, бірақ жағдай бұдан да нашар болуы мүмкін. Зерттеулер бойынша, темекі шегуден көз жұмған әрбір адамға ондаған басқа адам келеді, олардың денсаулығы ластанған ауаның әсерінен айтарлықтай нашарлайды.

Ауаның ластануы жыл сайын әлем бойынша ЖИТС, безгек, қант диабеті мен туберкулезден гөрі көбірек адамның өмірін қияды және қазіргі таңда әлемдегі ең ірі экологиялық апаттардың бірі болып саналады. Бұл көрсеткіштер Алматы қаласында ауаның сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігін айқын көрсетеді. Біз дәл осы бағытта жұмыс істеп келеміз.

3 маусым 2024
Research