Әлемді өзгерткіңіз келе ме? Онда өмір сүріп жатқан қалаңыздан бастаңыз! Таза ауа, заманауи қалалық орта және экологияға қамқорлық — бұл абстрактілі ұғымдар емес, біз күн сайын жасап жүрген нақты істер.
Almaty Air Initiative қоры өз командасын кеңейтуде. Біз Алматыдағы ауа сапасына оң әсер етуге дайын, жігерлі әрі мақсатшыл адамдарды іздейміз.
Жұмыс жағдайлары
Бұл жай ғана жұмыс емес.
Бұл миллиондаған адамдардың өмір сапасын жақсарту мүмкіндігі.
Вакансиялар
Executive Assistant
Міндеттер
Әкімшілік және операциялық
- Құжат айналымын жүргізу (келісімшарттар, актілер, шот-фактуралар, бастапқы бухгалтерлік құжаттама).
- Бухгалтериямен, құқықтық құрылымдармен, подрядшылармен, мемлекеттік органдармен және банктермен өзара әрекеттесу.
- Кеңсенің әкімшілік қызметін ұйымдастыру және бақылау.
- Ұйымдастырушылық мәселелерді шешу
Жетекшіні қолдау
- Жетекшінің жұмыс күнін жоспарлау және үйлестіру (күнтізбені жүргізу, тапсырмаларды басымдыққа қою).
- Шешім қабылдау үшін аналитикалық справкалар, жинақты материалдар және қысқаша шолулар дайындау.
- Кездесулер мен келіссөздерді ұйымдастыру, материалдарды дайындау және қатысу.
- Хаттамаларды жүргізу, тапсырмаларды орындауды бақылау.
- Құпия ақпаратпен жұмыс істеу.
Талаптар
Тәжірибе және дағдылар
- Жоғары жауапкершілік пен ұйымдастырушылық, детальдарға назар аудару
- Бухгалтерлік және салық есебінің негізгі білімдері.
- Құқықтық процестерді түсіну (келісімшарттармен жұмыс, келісімдер).
- Кеңсе жұмысын ұйымдастыру және подрядшылар мен мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттесу тәжірибесі.
- Кеңсе бағдарламаларымен (Word, Excel, Google Docs) сенімді жұмыс істеу дағдылары.
- Ағылшын тілі Upper Intermediate деңгейінен төмен емес
Жеке қасиеттер
- Ұйымдастырушылық, жүйелі ойлау, детальдарға назар аудару.
- Жауапкершілік және құпия ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті.
- Стрессқе төзімділік және көп тапсырмалылыққа дайындық.
- Тапсырмаларды өз бетінше шешу дағдысы және бастамашылдық.
Project Manager (Creative and Communications Department)
Міндеттер
- Халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған стратегияны әзірлеу және оны жүйелі түрде іске асыру;
- Контент командасымен және зерттеу бөлімімен үйлесімді жұмыс жүргізу;
- Коммуникациялардың тиімділігін талдап, оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірлеу;
- Медиа, ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік органдармен серіктестік орнату және оны дамыту;
- Бірлескен жобалар үшін презентациялар, ұсыныстар және жұмыс форматын дайындау;
- Ақпараттық кампаниялардың іске қосылуына қатысу және іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсету;
- Ішкі коммуникацияларды және контент өндірісін тиімді ету.
Талаптар
Мына вакансияға өтініш беру үшін мотивациялық хат міндетті болып табылады.
- Экология тақырыбына шынайы қызығушылық және қаланың дамуына үлес қосуға деген ниет;
- Маркетинг, PR немесе журналистика бағытындағы жоғары білім;
- Мәтінмен сауатты және жүйелі жұмыс істей алу қабілеті;
- Креативті көзқарас және қалыптан тыс ойлау дағдысы;
- Жоғары деңгейдегі жауапкершілік, өз жұмысын тиімді ұйымдастыра білу және белсенділік;
- Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеру (кемінде Upper-Intermediate деңгейі).
Артықшылық болады
- Креативті жобалармен жұмыс тәжірибесі;
- Project Management дағдысы;
- Іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесі.
Біз ұсынамыз
- Техникалық және креативті бағыттағы қызықты жобалар: датчиктер желісін кеңейтуден бастап әлеуметтік жарнама әзірлеуге және қала реформаларына қатысуға дейінгі мүмкіндіктер.
- Жергілікті және халықаралық экологиялық қауымдастыққа терең араласу.
- Мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен және халықаралық қорлармен байланыс орнату.
- Қоғамда талқыланатын және мысалға алынатын батыл идеяларды жүзеге асыру мүмкіндігі.
Резюмеңізді жіберіңіз pa@air.org.kz
Хат тақырыбында вакансия атауын көрсетіңіз