Алматының Таза Ауасы: Қазақстандағы ауа сапасына арналған алғашқы форсайт-сессиясының нәтижелерімен бөлісеміз

2025 жылдың 21 ақпанында Қазақстанда ауа сапасына арналған алғашқы «Алматының таза ауасы» атты форсайт-сессиясы Сатпаев Университетімен бірлесіп өткізілді.

Іс-шараға ғылым (Сатпаев Университеті, Қазгидромет, Қазақстан Медициналық Университеті және басқалар), бизнес (InDrive, АЛЭС, Онай, ЖЭК Ассоциациясы және т.б.), мемлекеттік органдар (Алматыны дамыту орталығы, Көлік министрлігі, Қалалық мобильділік орталығы және т.б.) және қоғамдық ұйымдар (Almaty Air Initiative, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық кеңес, «Болашақ» Ассоциациясы және т.б.) өкілдерін қоса алғанда, 80 қатысушы жиналды.

Олар бірге Алматыдағы ауаның қазіргі жағдайын, алдағы 15 жылға арналған болжамын және ластанумен күресу бойынша жобалық ұсыныстарды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша негізгі сын-қатерлер мен жақын арада іске асыруға болатын 38 жобалық шешімнің талдауы қамтылған құжат дайындалды.

Жұмыс қалай өтті:
Форсайт-сессия бір күн бойы Сатпаев Университеті аумағында өтті. Қатысушылар үш топқа бөлініп жұмыс істеді, әр топ келесі маңызды салалардың бірін талдады:

  • Көлік
  • Өнеркәсіп және энергетика
  • Урбанистика

Топтардағы пікірталастар модераторлардың қолдауымен өтті, ал әдістемелік база ретінде Rapid Foresight әдістемесі қолданылды.

Жұмыстың нәтижелері
Алдымен қатысушылар ретро-талдау жүргізіп, 2010 және 2015 жылдардан бері ауа сапасындағы өзгерістерді бағалады. Олар өзгерістерге ықпал еткен негізгі оқиғаларды анықтап, ластануды күшейтетін факторларды белгіледі.

Келесі кезеңде болашақ картасы жасалып, негізгі макротрендтер, негізгі сын-қатерлер және ықтимал шешімдер айқындалды.

Соңғы кезеңде қатысушылар 2040 жылғы Алматының бейнесін қалыптастырып, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған 38 түрлі жобалық идея әзірледі. Жұмыстың қорытындысы ретінде негізгі сын-қатерлер мен нақты шешімдерді қамтитын аналитикалық құжат дайындалды. Бұл бастамалардың бірнешеуі Almaty Air Initiative Жол картасына енді.

📎 Форсайт-сессияның толық есебімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

27 наурыз 2025
Денсаулық