АЛМАТЫЛЫҚТАР ПІКІР БЕРДІ: АЛМАТЫ АУА САПАСЫ ТУРАЛЫ ТӘУЕЛСІЗ ЗЕРТТЕУ

Алматыда ауа сапасына қатысты алаңдаушылық артып келеді. Бұл Almaty Air Initiative қоры жүргізген қала тұрғындарының пікіріне арналған алғашқы кең ауқымды зерттеудің нәтижесінде көрініс тапты. 1000 респондент қатысқан сауалнама көрсеткендей, 42% қатысушы өз аудандарының ауасын нашар немесе өте нашар деп бағалаған. Ал Наурызбай және Медеу аудандарының тұрғындары бұл тұрғыда салыстырмалы түрде оптимист болса (29% және 31%), Жетісу ауданында 56% тұрғын ауа сапасына риза емес екенін жеткізді.

Сонымен қатар, жыл сайын ауа ластануы мәселесі қиындай түседі: 57% алматылық соңғы 2–3 жылдың ішінде ауаның айтарлықтай нашарлағанына сенімді, ал 44% алдағы жылдары жағдай одан әрі қиын болатынын күтеді.

Тұрғындар ең көп наразылық тудыратын фактор ретінде шаң мен кірді, смог пен тұманды, сондай-ақ шығарындылардың иісін және химиялық иістерді атады.
«Мен көшеге әр шыққан сайын зиянды нәрсе жұтып жатқандай сезінемін», – дейді 35 жастағы Жетісу ауданы тұрғыны Әлия.
«Күннен-күнге қою смог пен шаңды көремін. Бұл күмәнсіз біздің денсаулығымызға әсер етудеі».

Ауа сапасы: ауданаралық айырмашылықтар

Алматыдағы ауа сапасына бағалар әр аудан бойынша айтарлықтай айырмашылықты көрсетеді және мәселенің біркелкі еместігін ашып көрсетеді. Мысалы, Медеу мен Наурызбай аудандары «шартты түрде қауіпсіз» деп танылды: тиісті респонденттердің 10% және 8%-ы ауаны өте жақсы деп бағалады, ал Әуезов, Алатау және Түрксіб аудандарында бұл көрсеткіш небәрі 2–3%. Десек те, аталмыш «шартты түрде қауіпсіз» аудан тұрғындарының 29–31%-ы ауа сапасын нашар және өте нашар деп бағалады. Қызығы, ауа сапасы нашар аудандарда тұратын тұрғындардың көбісі ауа сапасын бақылаудың жолдарын білмейді, ал бұл олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді.

Денсаулық қауіптері: ластанған ауа қалай әсер етеді?

Зерттеудің маңызды бөлімдерінің бірі — денсаулыққа қауіпті қабылдаудың деңгейін бағалау. Респонденттердің үштен екісі ластанған ауаны балалар үшін аса қауіпті деп есептейді, ал 45%-ы ересектер үшін де қаупі бар деген ойда.

Жетісу ауданы тұрғындарының 75%-ы ауа ластануын балалар үшін қауіпті деп санайды, бұл жалпы көрсеткіштен (66%) жоғары.

Әрбір екінші респондент (48%) Алматыдағы ауа сапасын шаң және кірмен байланыстырды. Екінші орында – 33% – смог пен тұман, үшінші орында – 23% – иіс: өртену, шығарындылар мен химиялық заттар.

Сауалнамаға қатысушылардың 54%-ы созылмалы аурудан зардап шекпеген. Ал созылмалы аурулары барлардың ішінде иммундық жүйесі әлсіздер (21%) және тыныс жолдары аурулары барлар (20%) басым. Одан кейін жүрек–қан тамырлары аурулары (13%) және неврологиялық аурулар (7%) тұр.

Сонымен қатар, жастардың көпшілігі өз белгілерін ауа сапасымен байланыстырады. 41% респондент бас ауру, шаршау және бас айналудан, ал 35% жөтел мен ентікпе сияқты тыныс алу мәселелерінен, аллергия (34%), көз, мұрын мен жұтқыншақтың тітіркенуі (30%), жалпы әлсіздік (26%) бойынша шағымданады.

Зиянды әсерге байланысты жауаптың өзгеруі байқалады: әрбір үшінші респондент ауа лас болған күндері сыртта уақыт өткізуді шектейтінін, ал екіден бірі — серуендеуде ауаның жағдайын ескере отырып жер таңдайтынын айтады. Бірақ нақты шектеу жасайтындар – 37%, ал ауа сапасын тазартып тұратындар – 20% ғана. 32% респонденттер ауаның қатты ластануы кезінде ешқандай алдын алу шараларын қолданбайды. Бұдан қалыптасатын сұрақ: неге?

Экологиялық бастамалар жөніндегі хабардарлық: Алматы тұрғындары кімге сенеді?

Зерттеу көрсеткендей, алматылықтардың 74%-ы ауа сапасын қалай тексеруге болатынын білмейді әрі тек субъективті сезімдерге ғана сүйенеді. Мысалы, ауа сапасы бойынша хабардарлардың арасындағы 40%-ы иіс пен смог көрінісіне сүйеніп қана бағалайды. Ал 23%-ы ғана арнайы мобильді қосымшаларды (мысалы, AirVisual, AirKZ сайты, және т.б.) пайдаланатыны анықталды. 18–24 жас және 55 жастан асқандар арасында бұл көрсеткіш 80% құрайды.

Аудан бойынша да айырмашылық бар: Бостандық пен Медеуде ауа сапасын тексеру тәсілдерін жақсы біледі, бірақ сонда да сәйкесінше 69% және 62% респондент бұл жайында хабарсыз. Ал Алатау және Жетісу аудандарында хабардарлық төмен: 86% және 81% ауа сапасын қалай тексеру керектігін білмейді.

Жулдыз Саулебекова, Almaty Air Initiative қорының атқарушы директоры:

«Алматыдағы ауа сапасының нашарлағанына қатысты өскен наразылықты ескерсек, ауа жағдайы туралы ақпараттың ашық қолжетімді болуы маңызды. Сауалнама көрсеткендей, халық ластанудан туындайтын симптомдарды байқаса да, объективті деректерді алып, нақты жағдайды бағалайтын мүмкіндігі шектеулі.»

Сенімсіздік және пессимизм

Респонденттердің 55%-ы ресми мәлімдемелерге сенбейтінін, және тек 7%-ы қандай да бір жобалар мен бастамалар туралы хабардар екенін айтты.

«Ауа мәселесін шешудегі мемлекет әрекетінің тиімділігін қалай бағалайсыз?» деген сұраққа 32%-ы “тиімсіз”, 30%-ы “мүлдем тиімсіз” деп жауап берді. Бұл халық арасында мемлекеттің экологиялық бағыттағы әрекеттеріне деген сенімсіздік пен пессимизм бар екендігін білдіреді.

“Ми ағуының” әсері: болашаққа жоспарлар және қорытындылар

«Зерттеу Алматыдағы ауа ластануы тек өмір сапасын төмендетіп қана қоймай, ми ағуына, яғни елімізден білікті мамандардың көшуіне әсер етіп, қаланың экономикалық болашағын әлсірететіні туралы болжамды растайды», – дейді Жулдыз Саулебекова.

Сауалнама нәтижелері бойынша, респонденттердің 17%-ы ауа нашарлығының себебінен қоныс аудару жайлы ой қозғайды. Ал табысы 600 мың теңгеден асатындар арасында бұл көрсеткіш 35%-ға жетеді; табысы 300 мыңға дейінгілер арасында – тек 5–8%.

Ең өкініштісі, экономикамыздың дамуына тікелей әсер ететін кәсіпкерлер арасында да пессимизм айтарлықтай бар: олардың төрттен бірі қаладан қоныс ауыстыруды қарастырады.

Балалы отбасылардың 26% көшуді қарастырып жүр. Бұл көрсеткіш балалары жоқтардан екі есе жоғары. Демографиялық келешек үшін бұл күмәнсіз қауіпті жағдай.

«Біз балаларымыздың денсаулығын барынша қорғауға тырысамыз. Ал бұл өкінішке орай осындай қоршаған ортада қиынға түседі,» — дейді Әлия.

45% қала тұрғындары, мүмкіндік болған жағдайда, қыс мезгілінде қаладан уақытша қоныс аударуды қолдайтынын жеткізді. Бұл миграциялық мобильділіктің артуын және қала болашағына қатысты алаңдаушылықты көрсетеді. Еліміздің экономикалық және мәдени орталығы болып табылатын Алматы үшін бұл алаңдататын жағдай. Қаланың Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде қаржылай инвестиция мен адами ресурс тарту қабілетіне орасан зор қаупі барын көрсетеді.

Не істеуіміз қажет?

Алматылықтар мәселені бәріміз бірлесіп шешуіміз керек деп санайды. Тұрғындар ұсынған негізгі шаралар:

  • Автомобиль шығарындыларын азайту арқылы мәселені шешуді негізгі жол деп 58% респондент санайды;
  • Қоғамдық көлікті дамытуды 42% қолдайды;
  • Жасыл аймақ, саябақтарды көбейту – 56%; таза ауаға үлес қосады дейді;
  • Экологиялық жанармайға көшу және ТЭЦ газға көшу – 48% және 49%;
  • Көлік санына тыйым салу күндерін енгізу (16%);
  • Қоғамдық транспортты дамыту (10%);
  • Электромобильдер (7%);
  • Велосипед пен самокат (4%);
  • Көлікті сапасын жоғары ұстау (2%);
  • Шығарындыларды қатаң бақылау (1%);
  • Ескі автокөліктерді әкелуге тыйым (1%);
  • Жаяу жүруді ынталандыру (3%).

Өндіріс пен зауыттар

  • Фильтр орнату (9%),
  • Құрылысты қатаң бақылау/биік ғимарат салмау (9%),
  • Өндіріс шығарындыларын бақылау (2%),
  • Жабдықты жаңарту (2%).

Қоршаған орта

  • Қаланы жасылдандыру (18%),
  • Тазалық сақтау (17%),
  • Роза ветров бойынша жел салаларын қалпына келтіру (4%),
  • Қоқыс/шиналарды жандыруды тыйым салу (8%),
  • Қоқысты сұрыптау/бөлу (2%),
  • Көмір пайдаланбау (1%),
  • Қоғамдық орындарды жақсарту, кәуәпханаларды азайту, тегін курстар өткізу (барлығы 3%).

Заң және мемлекет

  • Билікпен байланысты жақсарту – 2%.

Қорытынды

Алматыдағы ауа ластануы — экологиялық қана емес, қаланың келешегіне қатысты мәселе. Зерттеу арқылы келесі ауа нашарлығының келесі әсерлері анықталды:

  • Денсаулыққа қауіп төндіруі;
  • Ел арасында көшуге ынтаның артуы;
  • Білікті мамандардың/жастардың қаладан кетуді қарастыруы;
  • Халықтың мемлекетке деген сенімсіздігінің күшеюі.

Қала билігі мен қоғам нақты шараларды бірге қолға алып, таза ауа нормасын қалыптастыруы тиіс. Алматы қайтадан жайлы, таза қала бола алатынына сенеміз. Қаламыздың болашағы тұрғындар мен биліктің бірлескен әрекетіне тікелей байланысты.

10 қазан 2024
Денсаулық