Almaty Air Initiative акциясы: Көлік шығарындыларын өлшеу

Автотранспорт шығарындылары – Алматыдағы ауаның нашар сапасының негізгі себептерінің бірі. Қалада әкімшілік полиция басқармасы мәліметі бойынша шамамен 600 000 автокөлік тіркелген. Күн сайын “Сергек” жүйесі дерек бойынша қалаға шамамен 400 000 көлік кіреді. Дегенмен шығарынды бақылауы 19 эко-постта ғана жүзеге асырылады. Олар тәулігіне шамамен 50 көлікті тексереді, бұл ағынды толық қамтуға мүмкіндік бермейді.

Қосымша мәселе – техникалық тексерудің тиімсіздігі. Біздің зерттеу бойынша, шығарындыға бақылау жоқтың қасы, көп автокөлік катализаторсыз жұмыс істейді. Сапалы техтексеру болмағандықтан, жүргізушілер көліктерінің экологиялық талаптарға сай екеніне сенімді бола алмайды.

Сонымен, жүргізушілер нормалардан асып кеткені үшін айыппұлға тап болуы мүмкін, бірақ шын мәнісінде көліктерінің шығарынды нормаларын өздері тексере алмайды. Егер айыппұл қарастырылса, онда алдын алу шаралары (мысалы, техосмотр) да тиімді болуы тиіс.

Тегін тексеру: ауаны бірге жақсартамыз

Автокөлік иелері үшін шығарынды нормаларын тегін тексеру акциясын бастадық. Бұл жүргізушілерге ешқандай айыппұл қауіпінен қорықпай, автокөліктерін тексеруіне мүмкіндік берді.

“Ренессанс Плюс” компаниясының зертханасымен бірге экопосттардағыдай бірнеше жерде газ шығарындылар өлшедік. Маңыздысы: нәтижелер анонимді түрде жарияланады, дерекқорға енгізілмейді және бақылау органына жіберілмейді.

Газдар және нормалардың асуы нені білдіреді

Көміртегі оксиді (CO) – түссіз, иіссіз токсин; толық жанбаған жанармайдан пайда болады. Нормадан көп болса, жану процесі дұрыс емес деген сөз. Себептері: картер желдеткіші, ауа сүзгісі, қозғалтқыш-сүрге жетпестік, жанармай қысымының ауытқуы немесе катализатордың істемеуі.

Көмірсутектер (CH) – толық жанбаған жанармайдың органикалық қосылыстары. Олардың нормадан асып кетуі – жанармай салу жүйесі, майлағыш, тұтану жүйесінің ақаулары немесе катализатордың болмауы мүмкін екенін көрсетеді.

Шығарынды газдарды өлшеу нәтижелері:

Зерттеу барысында 1988–2022 жылдар аралығында шығарылған 51 автокөліктің шығарындылары өлшенді. Нәтижелер келесіні көрсетті:

51 автокөліктің 33-і (65%) шығарындылардың рұқсат етілген нормаларынан асты, соның ішінде:

  • 23 автокөлікте көміртек тотығының (CO) мөлшері бойынша асып кету анықталды;
    23 автокөлікте көмірсутектердің (CH) мөлшері бойынша асып кету байқалды.

Өлшеу әдістері және нормативтері

Бензин және газ көліктері үшін:

  • CO және CH концентрациясы арнайы газанализатор арқылы өлшенеді.

Дизель көліктері үшін:

  • Көліктен шығатын газдың түтін дәрежесін зерттеу арқылы қалдық газдың жану сапасы және көлік механизміндегі ақаулар бағаланады.

2024 ж. 1 қаңтардан бастап жаңа стандарт – СТ РК 1433-2023 күшіне енді:

  • Бензинді көліктер CO ғана емес, CH бойынша да тексеріледі.
  • 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істеген стандарт бойынша тек CO тексерілетін.

Экологиялық класс көліктердің шығарындыларына қарай анықталады:

Белгіленген ластаушы заттар шығарындыларының нормаларын асыру үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 334-бабына сәйкес айыппұл қарастырылған. Айыппұл мөлшері 10 АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіш) бастап белгіленеді, бұл қазіргі уақытта 36 920 теңгені құрайды.

Нормалардың асып кетуі бар автокөліктер санының көп болуының себептері:

  • Ескі автокөлік қоры
    Қаладағы автопарктің басым бөлігі ескі көліктерден тұрады, олардың көпшілігі қазіргі заманғы экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді және ластаушы заттар шығарындыларының деңгейі жоғары.
  • Жүргізушілердің хабардарлығы мен экологиялық санасының төмендігі
    Көптеген жүргізушілер шығарындылардың қоршаған ортаға және өз денсаулығына әсері туралы жеткілікті ақпаратқа ие емес, бұл көліктерді тұрақты түрде күтіп ұстауға және олардың техникалық жағдайын тексеруге деген ынтаны төмендетеді.
  • Катализаторлардың болмауы
    Бұған дейін атап өткеніміздей, көптеген автокөліктер катализаторсыз пайдаланылады, бұл шығарындылар деңгейін едәуір арттырады. Толығырақ біздің материалымыздан оқыңыз.
  • Техникалық байқау түріндегі бақылаудың болмауы
    Қолданыстағы техникалық байқау жүйесі шығарындыларды бақылауда тиімсіз. Бұл туралы толығырақ біздің алдыңғы зерттеуімізден оқыңыз.
  • Стандарттарға сәйкес келмейтін автокөліктерді әкелу
    Елге әкелінетін автокөліктердің көпшілігі қазіргі экологиялық стандарттарға сай келмейді, бұл да жолдардағы ластаушы көліктер санының артуына ықпал етеді.

Қорытындылар:

Күтілгендей, нормадан асатын шығарындылары бар автокөліктердің үлесі көлік құралының жасы артқан сайын ұлғаяды. Нормадан асқан автокөліктердің елеулі бөлігі катализаторлармен жабдықталмаған. Кейбір жүргізушілер катализатордың орнына жалын сөндіргіштер немесе резонаторлар орнатқан. Сыртқы ұқсастығына қарамастан, бұл бөлшектердің қызметтері мүлде бөлек және шығарындылар деңгейін төмендетуді қамтамасыз етпейді.

Өлшеу нәтижелері шығарындыларды бақылау жүйесін жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Жүргізушілердің экологиялық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру ауа сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін неғұрлым сау және тұрақты орта қалыптастыруға да ықпал етеді.

14 тамыз 2024
Research