
Almaty Air Initiative (AAI) қоры медиа кеңістікте пайда болған тәуелсіз сенсорлардың «дұрыс еместігі» туралы пікірлер мен РМК «Қазгидромет» станциялары ақпараттың жалғыз сенімді көзі деген пайымдарға байланысты ауа сапасын тәуелсіз бақылаудың рөлі мен маңызын түсіндіреді.
Неліктен азаматтық мониторинг Алматыға қажет?
Азаматтық ауа мониторингі – әлемде белсенді дамып келе жатқан заманауи ғылыми бағыт. Озық зерттеу орталықтары, университеттер және профильдік журналдар төмен құны бар сенсорлардың дұрыс әдістемемен қолданылған жағдайда құнды ақпарат беретінін дәлелдеп келеді: жоғары кеңістіктік дәлдік, жедел деректер, жергілікті өзгерістерді бақылау және тұрғындардың тікелей қатысуы.
Мұндай ғылыми еңбектер ScienceDirect, Nature, MDPI секілді жетекші платформаларда жарияланады.
Негізгі зерттеулер мысалдары:
– Translating citizen-generated air quality data into evidence for policy (Nature) – азаматтар жинаған деректердің экологиялық саясатқа әсері;
– EEA: Assessing air quality through citizen science – Еуропалық экологиялық агенттіктің азаматтық мониторингті ресми жүйелерге интеграциялау тәжірибесі;
– Performance evaluation of low-cost air quality sensors: A review – төмен құнды сенсорлардың дәлдігі мен сенімділігі бойынша 112 ғылыми мақаланың мета-талдауы.
Әлемдік қорытынды айқын: азаматтық сенсорлар мемлекеттік станцияларды алмастырмайды, бірақ ауа сапасын бақылауды айтарлықтай толық әрі егжей-тегжейлі етеді және қоғам үшін пайдалы етеді.
AAI ресми тексерілген станциялар қаланың мониторинг жүйесінің негізі екенін атап өтеді.
Тәуелсіз сенсорлар мемлекеттік жабдықты алмастырмайды, керісінше оны толықтырады – бұл көптеген елдерде қабылданған тәжірибе. Дұрыс калибрленген азаматтық сенсорлар жоғары кеңістіктік нақтылық береді және ресми желінің сирек орналасуына байланысты көрінбейтін жергілікті айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай гибридті тәсіл тұрғындарға ауа сапасы туралы анағұрлым толық және жедел ақпарат беретін әлемдік стандартқа айналды.
Қазіргі уақытта Алматыда ресми желіде 16 станция бар, алайда олардың тек 3-еуі қаланың ең қауіпті ластаушысы – PM2.5 концентрациясын көрсетеді.
Бұл келесі мәселелерді білдіреді:
– Алматының үлкен бөлігі негізгі ластаушы туралы мәліметсіз қалады;
– шеткі аудандардың, жеке сектор мен өнеркәсіптік аймақтардың тұрғындары нақты жағдайды көре алмайды;
– сирек орналасқан станциялар жергілікті шыңдарды «жасыратын» орташа фон ғана береді.
Ресми желі мінсіз жұмыс істеген күннің өзінде, Алматы секілді ірі қалада егжей-тегжейлі картинаны физикалық тұрғыда бере алмайды.
Осы олқылықтың орнын толтыру үшін AAI демеушілермен бірге 2025 жылдың қыркүйегінде 170 AirGradient сенсорын орнатты – бұл АҚШ, Ұлыбритания, Таиланд және басқа елдерде қолданылатын үлгілер.
AAI сенсорлар желісінің ерекшеліктері:
– сенсорлар ресми станциялар жанында калибрленеді, бұл дәлдікті арттырады;
– деректер нақты уақыт режимінде беріледі;
– Алматы мен Алматы облысындағы қамту картасы 200-ден астам нүктеге дейін кеңейді;
– сенсорлар мектептер, ауруханалар, туристік аймақтар, тұрғын кварталдар, өнеркәсіптік аймақтар және жеке секторда орналастырылған.
Бұл алғаш рет тек «орташа фонды» ғана емес, сонымен қатар:
– нақты мектеп немесе ауладағы ауаның сапасын;
– неге бір ауданда смог көршілес ауданға қарағанда күштірек екенін;
– шыңдардың қашан туындайтынын және олардың себептерін;
– ауаның күннен күнге, сағаттан сағатқа қалай өзгеретінін көруге мүмкіндік береді.
Тұрғындар өз денсаулығына қатысты жеке шешімдер қабылдай алады, ал сарапшылар – қаланың толық ластану бейнесін көре алады.
AAI-дің ұстанымы: мемлекеттік және тәуелсіз мониторинг бірге жұмыс істеуі тиіс.
Жұлдыз Сәулебекова, “Almaty Air Initiative” қорының атқарушы директоры:
«Тәуелсіз сенсорлар мемлекеттік жүйені алмастырмайды – олар оны күшейтеді, ауа туралы анағұрлым егжей-тегжейлі және жедел ақпарат береді. Таза ауа ашық деректерден басталады. Тығыз мониторинг желісі тек өз денсаулығы үшін жеке шешім қабылдағысы келетін тұрғындарға ғана емес, зерттеулер, модельдеу және тиімді экологиялық саясат әзірлеу үшін де қажет. Азаматтық мониторинг қоғамның экологиялық сауаттылығын арттырады және қажетті реттеуші өзгерістерге қолдау қалыптастырады».
AAI атап өтеді: тәуелсіз сенсорлардың деректері ресми өлшеулер болып табылмайды, бірақ олардың тығыздығы, қолжетімділігі және жеделдігі тұрғындар, сарапшылар және зерттеулер үшін маңызды құралға айналдырады.
Алматыдағы ауа сапасының азаматтық мониторинг деректері интерактивті картада және mycar, IQAir, AirVisual қосымшаларында қолжетімді: https://dashboard.air.org.kz/