Almaty Air Initiative қоры 2024 жылғы Алматы қаласының ауа сапасын талдауды аяқтады. Есепте негізгі экологиялық көрсеткіштер, 2023 жылмен салыстыру және өзгерістер динамикасы берілген. Бұл шолу тұрғындарға қоршаған ортаның нақты жағдайын және оның денсаулыққа әсерін жақсырақ түсінуге көмектеседі.
Негізгі қорытындылар
Алматының ауасы: PM2.5 концентрациясы ДДҰ нормасынан 5 есе жоғары
2024 жылы Алматыдағы PM2.5 орташа жылдық концентрациясы ДДҰ ұсынған деңгейден шамамен 5 есе жоғары болды. 2023 жылмен салыстырғанда аздаған жақсару байқалды (–6 мкг/м³), бұл жылдың басы мен орта тұсындағы салыстырмалы түрде таза күндерге байланысты.
Зиянды дем алу уақыты
Қараша–ақпан аралығында Алматының ауасы 2023 және 2024 жылдары да «денсаулыққа зиянды» деңгейде қалды. Сонымен қатар, 2024 жылдың желтоқсанындағы орташа көрсеткіш (50,6 мкг/м³) 2023 жылғы желтоқсаннан (46,7 мкг/м³) шамамен 10% жоғары болды.
Жыл ішінде 164 таза күн
2024 жылы ДДҰ нормасына сай (PM2.5 < 15 мкг/м³) ауа сапасы тіркелген күндер саны 137-ден 164-ке дейін өсті. Негізгі жақсару мамыр–тамыз айларында байқалды: таза күндердің саны 22-ге артты. Қалған маусымдарда айтарлықтай өзгеріс жоқ.
Ең «ластау» күндер
Топ-3 күн:
- 6 ақпан — PM2.5: 114 мкг/м³ (ДДҰ нормасынан 7,6 есе жоғары)
- 25 желтоқсан — 106 мкг/м³
- 26 желтоқсан — 102 мкг/м³
Жазда ауа – қыстан 5 есе таза
2024 жылдың жазы ең таза кезең болды: PM2.5 концентрациясы 11,5 мкг/м³.
Қыс мезгілінде (желтоқсан–ақпан) ластану ең жоғары деңгейге жетті — 49,9 мкг/м³, яғни жаздағы көрсеткіштен 5 есе жоғары.
Оңтүстік аудандардың тұрғындары таза ауамен 2 есе жиі дем алады
Ең жоғары ластану деңгейі қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде — Жетісу және Түрксіб аудандарында байқалды, онда PM2.5 орташа жылдық мәні 31,2 мкг/м³ болды.
Медеу және Бостандық аудандары салыстырмалы түрде таза: 16,1 мкг/м³, яғни солтүстік-шығыспен салыстырғанда 2 есе төмен.
“14 қаңтарда Алматы IQAir-дің әлемдегі ең ластанған қалалары рейтингінде бірінші орынға шықты. Таза ауа ашық деректерден басталады, және енді әр алматылық жағдайды тек «осы сәтте» емес, тұтас жыл бойынша көре алады. Біз Clarity датчиктерінің деректеріне негізделген алғашқы жылдық есепті жариялап отырмыз. Мұндай тұрақты есептер экологиялық жағдайды түсінуге және өзіңіз бен жақындарыңызды қорғау үшін саналы шешім қабылдауға көмектеседі,” — дейді Жұлдыз Саулебекова, Almaty Air Initiative жетекшісі.
Есептің толық нұсқасы біздің сайтта қолжетімді. Онымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.