Almaty Air Initiative қоры 18 қарашада Антальяда өтетін БҰҰ-ның COP31 климаттық конференциясында өз сессиясын өткізеді. «Clean Air as a Product: Rethinking How Impact Scales» кездесуінде қатысушылар ауаның ластануын азайтуға бағытталған шешімдерді қалада қалай көбірек қолдануға болатынын талқылайды.

Сессияның арнайы қонағы — inDrive компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Арсен Томский. Ол онлайн форматта құттықтау сөз сөйлейді. Негізгі баяндаманы Almaty Air Initiative директоры Жұлдыз Саулебекова ұсынады. Ол қордың ауа сапасы туралы деректер негізінде тұрғындарға арналған сервистерді қалай әзірлейтінін және ластануды азайту шараларын негіздеу үшін зерттеу нәтижелерін қалай пайдаланатынын айтып береді.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева да құттықтау сөз арнайды. Пікірталасқа Copernicus атмосфераны бақылау қызметінің, Климат және таза ауа коалициясының және ғылыми ұйымдардың сарапшылары қатысады.

Сессия Түркияның Анталья қаласында, Blue Zone аумағындағы Қазақстан павильонында (B150) өтеді.

Онлайн қосылу сілтемесі 

Сессияға Zoom арқылы 2026 жылғы 18 қарашада Алматы уақытымен сағат 11:30-да қосылуға болады.

Конференция идентификаторы — 852 5553 1272

Кіру коды — 148414