
Almaty Air Initiative қоры, Almaty Central Standup Club және режиссер Қуаныш Бейсек бірге жасаған «Таза әзілдер» жобасы Алматыдағы ең өзекті мәселенің бірі – қаланың ауасы туралы әңгімеге өткір сатираны айналдырады. Бұл – алдымен күлдіріп, содан кейін жібере қоймайтын юмор. Жобаның креативті продюсері – Қуаныш Бейсек.
Смогты ашық әңгімеге шақырса не болады? Түтінге толы шайхана бүкіл қаланың метафорасына айнала ала ма? Жылдар бойы мегаполистің ауасымен тыныс алып келген Аяз ата қандай кейіпке енеді және Жаңа жыл қарсаңындағы назарды не үшін пайдаланады? Осы сұрақтардың жауабы – Қазақстандағы алғашқы экологиялық стендап-қойылым «Таза әзілдерде». Премьерасы Жаңа жыл қарсаңында Almaty Central Standup Club-тың YouTube арнасында өтті.
Бұл жай ғана әзіл-қалжыңға құрылған шығарылым емес. Бұл – Almaty Air Initiative қоры, танымал қазақстандық режиссер Қуаныш Бейсек және Almaty Central Standup Club ұжымы бірлесіп түсірген көркем мини-фильм. Жоба қаладағы ең ауыр тақырыптардың бірін – ауа сапасын – талқылаудың қалыптасқан тәсілдерін бұзып, оны абсурд, ирония және кейде «қара» әзіл призмасы арқылы көрсетеді.
Жұлдыз Сәулебекова, Almaty Air Initiative қорының атқарушы директоры:
«Біз ауа туралы тек сандар мен зерттеулер тілімен ғана емес, сонымен бірге күшті визуалды образдар мен креативті форматтар арқылы да айтамыз — бұл біздің ең қуатты құралдарымыздың бірі.
«Таза әзілдер» – биыл ауа тақырыбын юмор арқылы көтерген екінші жобамыз. Жазда Bayguys командасымен бірге «Мстительдер» атты күлкілі мини-сериалды шығардық. Сырттай қарағанда бұл жай ғана жаңа жылдық шоу сияқты. Ал шын мәнінде – алматылықтарды бір жыл бойы толғандырған мәселелерді қорытындылап, ауа тақырыбына жаңаша көзқарас ұсынудың бір жолы. Қуаныш Бейсекке, Айгерім Инаятқа және Almaty Stand-Up командасына алғыс айтамыз».
Режиссер Қуаныш Бейсектің («Дәстүр» фильмі, «Ирина Кайратовна» және басқа жобалар) режиссерлік көзқарасы стендап-монологтарды әр алматылыққа таныс, бірақ сюрреалистік элементтері бар визуалды новеллалар сериясына айналдырды. Кейіпкерлер әдеттегі стендап-клубта емес, келіп қойған болашақ қаланың шартты кеңістіктерінде сөйлейді: қою смог басқан ортада, түтінге толы шайханада, ескі таксидің ішінде немесе автомобиль дөңгелектерінен жасалған жаңа жылдық шырша тұрған алаңда, онда медициналық маска тарату күнделікті құбылысқа айналған.
Қуаныш Бейсек, жобаның креативті продюсері:
«Бұл жобада біз классикалық түсініктегі жай әзілмен емес, сатирамен жұмыс істейміз. Бұл – ауыр тақырыптарды жеңілдетпей, олардан қашпай, жауапкершілікті айналып өтпей айтуға мүмкіндік беретін анағұрлым дәл әрі адал тіл.
Ол ауа мәселесін көрерменге қорқыныш немесе құрғақ статистика арқылы емес, жеке сезім мен тәжірибе арқылы жақындатады. Біз әдейі образдармен жұмыс істедік: көрінбейтінді – сезілетін, ал үйреншікті нәрсені – мазасыз таныс етіп көрсету үшін. Егер көрермен фильмнен кейін бір сәт ойланып, өз айналасында, ең болмаса, шағын өзгеріс жасауға талпынса – демек, бұл әңгіме бекер басталған жоқ».
Жобаға қатысушылар:
Талғат Тынымбай – қаланың үнсіз, бірақ басты «кейіпкері» – смогпен «сұхбаттасады».
Руслан Тай – түтінге тұншығып тұрған шайхананың қақ ортасында абсурдтың ішінен логика іздейді.
Дариға Билал – шаршаған волонтер бейнесінде ұрпақтар туралы, және оларды күтпеген жерден байланыстыратын фактор ретінде смог жөнінде ой толғайды.
Ансаған – артында улы түтін қалдыратын ескі, сықырлаған таксидің рөліне отырып, жүйе туралы философиялық монолог айтады.
Мұхтар Ерлан – Аяз ата кейпінде қолына дауысзорайтқыш алып, мазасыз мерекенің.
«Таза әзілдер» шығарылымының премьерасы 30 желтоқсанда Almaty Central Standup Club-тың YouTube арнасында өтті:
https://youtu.be/dw2V8hhSJsg?si=Yukkwc6sU1SlGlMQ