Almaty Air Initiative зерттеушілерінің 2023 жылғы деректерге негізделген есептеулері бойынша, орташа алматылық жыл сайын 487 темекіге тең келетін лас ауамен тыныс алады. Бұл әрбір ер адам, әйел және бала үшін жылына 24 қорап темекіге тең.

Біз есептеу барысында екі негізгі дереккөзді пайдаландық: Clarity Movement бақылау желісінің деректеріне (openmap.clarity.io) сүйене отырып, ауадағы зиянды заттардың концентрациясын талдау және Ричард А. Мюллер (Richard A. Muller) мен Элизабет А. Мюллер (Elizabeth A. Muller) жүргізген зерттеудің нәтижелері.

Біз Мюллер зерттеушілері қолданған қағиданы негізге алдық: ауадағы PM2.5 деңгейі 22 мкг/м³ болғанда, бұл бір күнде тартылған бір темекіге тең. Бұл деңгей екі есе артса, күніне екі темекіге тең. Темекі тарту мен ластанған ауаның зияны олардың өлім-жітімге тигізетін салыстырмалы әсері негізінде есептелді. Әрине, темекіден басты айырмашылығы – ауа ластануы барлық жас топтарына әсер етуіі.

2023 жылы Алматыдағы орташа PM2.5 деңгейі 30 мкг/м³ болды. Бұл көрсеткіш орташа алматылық үшін күніне 1,4 темекіге, яғни жылына 487 темекіге тең.

Бұл — өте алаңдатарлық жайт, алайда жағдай одан да ауыр болуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, темекі шегуден қайтыс болған әрбір адамға ондаған адам денсаулығының айтарлықтай нашарлауы сәйкес келеді. Бұған ауа ластануы бiрден-бiр себеп болуы ақиқат.

Ауа ластануы жыл сайын әлемде ЖИТС, безгек, қант диабеті, тiптi туберкулез секiлдi аурулардан гөрі көбірек адамның өмірін қияды. Бұл — қазіргі таңдағы ең ірі экологиялық апаттардың бірі. Айтарлық көрсеткіштер Алматыда ауаның сапасын жақсарту үшін шұғыл шаралар қабылдаудың қажеттілігін білдіреді.