Жеке Almaty Air Initiative қоры мен Нұрлан Смағұлов қоры Алматы қаласында ауа сапасын бақылау жүйесін қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.

Келісім аясында Нұрлан Смағұлов қоры 148 миллион теңгеден астам қаржы бөліп, 200 ауа сапасын бақылау датчигін сатып алуға және орнатуға бағыттады.

Жобаның негізгі міндеттері:

– Қаладағы экологиялық жағдайды, соның ішінде ластанудың сыни эпизодтарын объективті бағалау;

– Атмосфералық ауаның жағдайы туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру;

– Жүйелі және тиімді шараларды әзірлеу және енгізу;

– Қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау.

Жалпы алғанда, бұл жоба қалалықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Арсен Томский, Air Initiative қорының негізін қалаушы, inDrive компаниясының CEO және негізін қалаушы:

«Таза ауаға құқық — оның сапасы туралы ақпаратқа қолжетімділіктен басталады.

Өзгерістер ағымдағы жағдайды түсінбей жүзеге аспайды, сондықтан біз күшімізді біріктіріп отырмыз.

Осындай жобалар Алматыны адамдар ұзақ өмір сүретін, дені сау және бақытты қалаға айналдыра алады деп сенеміз».

Алматыда орнатылған датчиктер ауадағы PM2.5, PM1, PM0.3 және PM10 бөлшектерінің деңгейін өлшейді.

Олардың 30-ы қосымша түрде диоксид азоты, күкірт оксиді, көміртек тотығы, озон және басқа да зиянды заттардың деңгейін тіркейді.

Бүгінде бұл датчиктер қаланың барлық бөліктерінде орнатылып, Алматыны ауа мониторингі жабдықтарының тығыздығы бойынша алдыңғы қатардағы қалалардың біріне айналдырды.

Нұрлан Смағұлов, қор және Astana Group негізін қалаушы:

«Алматының ауа сапасын жақсарту — барлығымызға ортақ маңызды міндет, бұл мегаполис тұрғындарының бірлескен жауапкершілігі.

Ауа жағдайы туралы нақты ақпаратқа ие болу қалалық билікке негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Біз де өз тарапымыздан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеміз.

Мысалы, Astana Motors Қазақстанда жаңа энергия көздеріндегі (NEV) автокөліктерді ұсынуда және экологиялық таза көліктерге арналған электр қуаттау инфрақұрылымын дамытып жатыр».

2026 жылы Алматы қаласының әкімдігі қосымша 200 датчик орнатуды жоспарлап отыр.

Осылайша, қалада жалпы саны 400 датчик жұмыс істейтін болады.

Бұл Алматыға ауа сапасын бақылау жүйесінің тығыздығы бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына — Сан-Франциско, Чикаго және Лондонмен тең дәрежеде шығуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, мұндай датчиктер алғаш рет Іле, Талғар және Қарасай аудандарының мектептерінде де орнатылады.

Алғашқы үш айда жаңа желі арқылы жиналатын деректер тек Mycar.kz мобильдік қосымшасы арқылы қолжетімді болады.

Бұл кезеңде жүйені техникалық сынақтан өткізу және құрылғылардың дұрыстығын тексеру жүргізіледі.

Тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейін ақпарат барлық қала тұрғындары үшін ашық әрі қолжетімді болады және оны нақты уақытта жаңа іске қосылған AAI-дэшборд платформасынан көруге болады: https://dashboard.air.org.kz/ 

* Есептеу кезінде әрбір 100 мың тұрғынға шаққандағы датчик саны ескеріледі.