Саны емес, сапасы: автопарк құрылымының Алматы ауасына әсері

Алматыда 2025 жылғы 30 желтоқсанда автокөлік қозғалысына қатысты қосымша шектеулер енгізуді көздейтін Атмосфералық ауаны қорғау қағидалары қабылданды. Осыған байланысты Almaty Air Initiative қалалық автопарк құрылымының ауа сапасына әсерін бағалау мақсатында зерттеуін ұсынды.

Алматыда ауаны ластайтын негізгі көздердің біріі – автокөлік, өйткені ол негізінен азот диоксиді мен сақ бөлшектерді бөледі. Осы мәселені шешу үшін қалада зияндышығарындыларды азайтуға бағытталған жүйелі шаралар қарастырылып жатыр. Соның ішінде экологиялық классы 0–4 болатын, яғни ластаушы заттарды ең көп шығаратын автокөліктерге бағытталған шығарындыларының деңгейі төмен аймақтарын (Low Emission Zones, LEZ) енгізу ұсынылуда.

Бұл зерттеу Алматыдағы атмосфералық ауаның ластануына автокөліктің тигізетін үлесін бағалауға арналған және негізгі назар PM2.5 ұсақ бөлшектері мен азот оксидтеріне аударылады. Зерттеуде қалалық автопарк құрылымы, көлік ағындарының нақты үлестіру, әртүрлі экологиялық класстағы көліктердің шығарындыларға қосатын үлесі талданды, сондай-ақ шығарындыларының деңгейі төмен аймақтарын енгізудің ықтимал әсерінің үлгісі жасалды. Зерттеудің мақсаты – ең көп ластайтын көліктерге шектеу қоюдың қала экологиясына ықтимал әсерін бағалау.

Ауаның азот диоксидімен ластануы

Алматыда ауаны ластаушы негізгі фактор – автокөлік болып қала береді. Қалада күн сайын 600 мыңнан астам көлік жүреді, бұл азот диоксиді (NO₂) шығарындыларының басым бөлігін құрайды. Almaty Air Initiative қорының зерттеуіне (2024) сәйкес, қаладағы NO₂ концентрациясының орташа жылдық көрсеткіші ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) ұсынымдарынан бірнеше есе жоғары:

—        2023 жылдың қорытындысы бойынша – 6,1 есе
—        2024 жылдың қорытындысы бойынша – 5,9 есе

Мұндай деңгей адам денсаулығына қауіпті. ДДҰ деректеріне сәйкес, NO₂ жоғары концентрацияларының ұзақ мерзімді әсері өкпе қызметінің нашарлауына, астманың асқынуына және тыныс алу жолдары ауруларының көбеюіне әкеп соғады.

TRAP автокөліктен ауаның ластануы және оның денсаулыққа әсері

Жол бойындағы ауа сапасы жалпы қалалық деңгейден айтарлықтай ерекшеленеді.  Ғылыми әдебиетте бұл үшін арнайы — TRAP (traffic-related air pollution). TRAP — бұл көлік дәліздерінде тікелей қалыптасатын газдар мен бөлшектер қоспасы, оған мыналар кіреді: азот диоксиді (NO₂), PM2.5, PM10, күйе, ұшпа органикалық қосылыстар және басқа да уытты компоненттер. Ластану тек қозғалтқыштан ғана емес, шиналардың, тежегіштердің және жолдың тозуынан да пайда болады.. Шығарындылардың елеулі бөлігі адамның тыныс алу деңгейінде шоғырланады, бұл олардың зиянды әсерін күшейтеді. Халықаралық зерттеулер TRAP-тың, әсіресе NO₂ жоғары концентрациялары мен жолдарға жақын орналасудың келесі қауіптермен тұрақты байланысын көрсетеді:

—        ересектер мен балаларда астма ауруының даму қаупінің артуы
—        жүрек-қантамыр аурулары қаупінің артуы
—        жалпы өлім-жітім деңгейінің артуы
—        өкпе қатерлі ісігінің даму қаупінің артуы

ДДҰ бағалауы бойынша, қалалардағы балалар астмасының шамамен 16%-ы негізгі көлік ластаушысы NO₂ әсерімен тікелей байланысты.

Ең жоғары қатер деңгейіне көлік ағыны қарқынды аудандарда тұратын тұрғындар ұшырайды. Көлік қозғалысы қарқынды жолдардан 100–500 метр қашықтықта тұру балаларда астма қаупінің артуына, жүктіліктің ауыр өтуіне, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы NO₂ мен PM2.5 әсеріне ұшыраудан когнитивтік бұзылыстарға әкеледі.

Автокөліктің ауаны ластауы тікелей жол қозғалысының қатысушыларына жоғары деңгейде әсер етеді. Жолдардағы ұсақ бөлшектер концентрациясын зерттеу барысында, кептелісте терезесі ашық тұрған автокөліктің жүргізушілері мен жолаушылары қиылыста тұрған жаяу жүргіншілерге қарағанда 7 есе лас ауамен тыныс алатыны анықталған. Сонымен қатар, кептелісте тұрған автокөлік салонындағы ауа ластануы көлік еркін қозғалған жағдаймен салыстырғанда 40%-ға жоғары.

Автокөліктен ауа ластануының салдары әдетте жеткілікті деңгейде бағаланбайды. Бірқатар елде, соның ішінде Австралияда, автокөлік шығарындыларымен байланысты өлім-жітім жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санынан едәуір жоғары. Жаһандық деңгейде көлік шығарындылары жыл сайын шамамен 246 мың мезгілсіз өлім жағдайымен тікелей байланысты.

Алматы қаласының автопарк құрылымы

Соңғы бір жылда Алматы өңірдегі автокөлік саны қарқынды өсіп келе жатқан қалалардың біріне айналды. ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалада 797 мың автокөлік тіркелген — бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (647 мың) шамамен 150 мыңға көп. Оның ішінде 714 мыңы — жеңіл автокөлік.

Сондай-ақ электр көліктерінің саны қарқынды өсіп келеді: бір жыл ішінде олардың саны 6 410-нан 12 401-ге дейін, яғни шамамен екі есе артты. Алайда олардың қалалық автопарктегі үлесі әлі де төмен — шамамен 2%. Гибридті көліктер* автопарктің 4%-ын құрайды.

*гибрид — бензин, газ және электр энергиясын біріктіріп пайдаланатын көлік.

Көлік жасы — ауа сапасының негізгі факторы

Қалада тіркелген автопарк құрылымы елеулі мәселені көрсетеді:

  •     25% автокөлік — 10–20 жыл аралығында
  •     30% автокөлік — 20 жылдан асқан

Ал Алматы облысында жағдай одан да күрделі: 57% автокөлік — 20 жылдан асқан

Көліктің жасы оның экологиялық классының жанама көрсеткіші: көлік неғұрлым ескі болса, соғұрлым экологиялық класы төмен және шығарындылары жоғары болады.

Жолдардағы нақты жағдай

Қозғалыстың нақты көрінісін бағалау үшін Almaty Air Initiative және Sergek Group сарапшылары 2024 жылғы 1 тамыздан 2025 жылғы 1 тамызға дейінгі бір жыл ішіндегі көлік ағындарын талдады. Барлығы 1,8 млн бірегей автокөлік зерттелді.

Көлік түрлері бойынша құрылым:

  •     90% — жеңіл автокөліктер
  •     8% — жүк көліктері
  •     2% — автобустар

Жас құрылымы (ағын бойынша):

  •     33% — 2021 жылдан кейін шығарылған
  •     18% — 2016–2020 жж.
  •     16% — 2011–2015 жж.
  •     11% — 2006–2010 жж.
  •     22% — 2005 жылға дейін шығарылған

Іс жүзінде, қала көшелеріндегі әрбір үшінші автокөлік (33%) — 15 жылдан асқан (2010 жылға дейін шығарылған).

Төмен шығарындылар аймағы (LEZ) бойынша сынақ аймақты талдау

Төмен шығарындылар аймағын енгізудің ықтимал әсерін бағалау үшін келесі көшелермен шектелген аумақ зерттелді: Қабанбай батыр — Достық — Абай — Желтоқсан.
Зерттеу кезеңі: 2025 жылғы 1–29 қазан.

Аймақта күн сайын орта есеппен 82 000 бірегей автокөлік қозғалады.

Көлік түрлері бойынша құрылым:

  •     95% — жеңіл автокөліктер
  •     4% — жүк көліктері
  •     <1% – автобустар

Көлік жасы бойынша құрылым:

  •     63% — 10 жылдан асқан
  •     37% — экологиялық класы 0–4

Экологиялық класы 5 көліктер жалпы жүрістің 63%-ын құраса, экологиялық класы 0–4 көліктердің жиынтық үлесі небәрі 37%.

Автопарктің әртүрлі сегменттерінің ауа ластануына қосатын үлесін бағалау үшін зерттелген аумақта көлік түрлері мен экологиялық кластары бойынша шығарындылар есептелді. Есептеулер COPERT әдістемесінің шығарындылар коэффициенттерін пайдалану арқылы, көліктердің жиынтық жүріс деректерімен бірге жүргізілді. Бұл әдістеме Еуропалық және автокөлік құралдарының жалпы жүріп өткен шақырымы туралы деректерімен бірге көлік шығарындыларын түгендеу халықаралық практикасында кеңінен қолданылады.

Экологиялық класы 0–4 автокөліктер жалпы жүрістің тек 37%-ын құрағанына қарамастан, олардың үлесіне NOx шығарындыларының 79%-ы, PM бөлшектерінің 78%-ы тиесілі. Бұл халықаралық агенттіктер белгілеген жалпы заңдылықты растайды: ескі және техникалық тұрғыдан тозған қозғалтқыштар бірдей жүріс кезінде NOx пен ұсақ бөлшектерді әлдеқайда көп шығарады.

Көлік түрлері бойынша қарастырғанда, жалпы жүрістің небәрі 3%-ын құрайтын жүк көліктері NOx шығарындыларының 32%-ын, PM шығарындыларының 64%-ын қамтамасыз етеді, яғни олардың ластау үлесі өте жоғары.

Автопаркті жаңартудың гипотезалық сценарийі

Модельдеу нәтижелері көрсеткендей, егер сынақ аймақта экологиялық класы 0–4 барлық көлік Еуро-5 деңгейіне ауыстырылса және жүріс көлемі сақталса, көлік шығарындылары айтарлықтай қысқарар еді:

  •     NOx — 67%-ға,
  •     PM — 62%-ға.

Таргеттелген тәсілге сәйкес, тек жүк көліктерін жаңартудың өзі олардың ластау үлесі жоғары болғандықтан, елеулі нәтиже береді: Жүріп өткен жолдың салыстырмалы үлесі аз болса, шығарындылар NOx 15%-ға және PM 50%-ға азаюы мүмкін.

Алайда автокөліктің ауа ластауын азайтудың ең жоғары мүмкіндігі автопаркті жаңартудан гөрі экологиялық таза қоғамдық көлікке көшуімен байланысты болады. Жүк көліктерін жаңартумен қатар, жолаушылардың жеке автокөліктен электр қоғамдық көлікке толық көшуі: жалпы жүріс көлемін азайтады, ластануды төмендетеді, нәтижесінде: NOx — 83%-ға, PM — 86%-ға қысқарады.

Бұл бағалау зерттелген аумақтағы автокөлік шығарындыларының жиынтық көлемін көрсете отырып, ең көп ластайтын сегментті жаңартудың ықтимал әсерін айқындайды.

Бұл неліктен маңызды

  •     Ауаның автокөліктен ластануы — Алматыдағы NO₂ нормадан асуының негізгі себептерінің бірі.
  •     ДДҰ деректеріне сәйкес, дәл осы NO₂ және PM2.5 ұсақ бөлшектері балалардағы астманың өсуіне, жүрек-қантамыр ауруларының асқынуына, жалпы өлім-жітім қаупінің артуына себеп болып отыр.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, автопаркті жаңарту және шығарындыларының деңгейі төмен аймақтарын (Low Emission Zones, LEZ) құру — ауа ластануын азайтудың тиімді құралдары. Мұндай шаралар Лондон, Париж, Берлин, Мадрид қалаларында және Еуропа мен Азияның 300-ден астам қаласында жүзеге асырылған.

Айқын мысал — Брэдфорд қаласы (Ұлыбритания), онда LEZ көлікті жедел жаңартудың құралы ретінде қолданылды. 2022–2024 жылдары:

  •     таксилердің 87%-ы қатаң экологиялық стандарттарға өтті;
  •     370 қалалық автобус жаңартылды;
  •     33 электробус сатып алынды.

Бұл кейс LEZ тек тыйым салушы шара емес, автопаркті жаңартуды және экологиялық қоғамдық көлікті дамытуды жеделдететін экономикалық және реттеуші ынталандыру құралы бола алатынын көрсетеді, әрі күрт әлеуметтік әсер туындатпайды.

Ұзақ мерзімді әрі тұрақты нәтиже жеке автокөлікті пайдалануды қысқартып, сапалы және экологиялық таза қоғамдық көлікті дамыту арқылы қол жеткізіледі. Жеке көліктен қоғамдық көлікке көшу шығарындыларды, жолдардың жүктемесін, халыққа автокөліктің ауа ластануының әсерін (TRAP) бір мезгілде азайтуға мүмкіндік береді. Автокөлік санының арту деңгейі жоғарыласа автопаркті жаңарту мен LEZ енгізу қысқа мерзімде-ақ зиянды әсерді азайтуға мүмкіндік беретін қажетті өтпелі құралдар.

Зерттеу нәтижелері маңызды диспропорцияны анықтады: Алматыдағы ауаның уытты ластануының негізгі көлемін көлік ағынының барлығы емес, автопарктің нақты бір сегменті қалыптастырады. Экологиялық классы 0–4 болатын автокөліктер жалпы қозғалыстың небәрі 39%-ын ғана құрағанымен, азот оксидтері (NOx) шығарындыларының 79%-ын қамтиды. Бұл қала тұрғындары ДДҰ ұсынымдарынан бірнеше есе жоғары NO₂ және PM2.5 концентрацияларына ұшырайтын «көлік тұзағы» (TRAP) әсерін қалыптастырады.

Модельдеу нәтижелері көрсеткендей, дәл осы автопарк сегментіне бағытталған ықпал — модернизациялау, ауыстыру немесе пайдалануды шектеу арқылы — қалалық көліктен шығатын жиынтық шығарындыларды екі есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. NO₂ мен PM2.5 шығарындыларының азаюы халық денсаулығы үшін қатерлердің, әсіресе тыныс алу және жүрек-қантамыр ауруларының төмендеуімен тікелей байланысты.

Мұндай әсер Брэдфорд қаласының (Ұлыбритания) мысалында нақты тіркелген: төмен шығарындылар аймағы (LEZ) іске қосылғаннан кейін бір жыл ішінде халық денсаулығы көрсеткіштерінде тұрақты жақсарулар байқалған — ай сайын дәрігерге бару саны 700-ге азайған, оның ішінде: тыныс алу аурулары бойынша 600 жағдай, жүрек-қантамыр аурулары бойынша 134 жағдай. Бұл тәжірибе шығарындыларының деңгейі төмен аймақтарының шығарындыларды азайтып қана қоймай, денсаулыққа жылдам әрі өлшенетін оң әсер бере алатынын дәлелдейді.

Осылайша, шығарындыларының деңгейі төмен аймақтары (LEZ) көлік ластануына кешенді әсер етудің тиімді құралы: біріншіден, ең көп ластайтын көліктерді шектеу арқылы уытты газдар мен ұсақ бөлшектердің концентрациясын төмендетеді; екіншіден, тікелей тыйым салусыз автопаркті жаңартуды ынталандырып, электромобильдер мен төмен эмиссиялы көлікке өтуді жеделдетеді; үшіншіден, халық денсаулығы үшін нақты, өлшенетін нәтиже береді.

Қорытынды

Жүргізілген зерттеу Алматыдағы ауаның ластануын айқындайтын шешуші фактор автокөліктердің жалпы саны емес, автопарктің сапалық құрылымы екенін көрсетеді. Экологиялық тұрғыдан ескірген класстарға жататын көліктердің шамамен 49%-ы азот оксидтері (NOx) мен PM2.5 ұсақ бөлшектерінің шығарындыларына шамадан тыс жоғары үлес қосады.

Ұзақ мерзімді болашақта сапалы қоғамдық көлікті дамытпай және қаланың жеке автокөліктерге тәуелділігін азайтпай қауіпсіз ауа сапасына қолжеткізу мүмкін емес. Алайда автокөліктер саны қарқынды өсіп келе жатқандықтан ең көп ластайтын автопарк сегментінің әсерін қысқартуға бағытталған өтпелі шаралар қажет.

Мұндай шараларға шығарындыларының деңгейі төмен аймақтары (LEZ), экологиялық класы төмен көліктерді модернизациялау, ауыстыру немесе пайдалануды шектеуге бағытталған өзге де құралдар жатады. Осы сегментке бағытталған тәсіл бүкіл көлік ағынына ортақ шектеулер енгізбей-ақ, автокөліктің ауаны ластауының әсерін жылдам әрі едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Сценарийлік талдауға сәйкес ең көп ластайтын көліктерді кезең-кезеңімен алмастыру немесе пайдаланудан шығару NOx және PM2.5 шығарындыларын 60%-дан астамға төмендете алатынын көрсетеді. Демек көліктің экологиялық сипаттамаларына негізделген реттеу Алматыдағы ауа сапасын халық денсаулығы үшін қауіпсіз деңгейлерге жеткізудің негізделген әрі тиімді қадамы.

 

21 қаңтар 2026
Автокөлік