
Миссия мен тарих
«Almaty Air Initiative» қоры — Алматыдағы ауа сапасын жүйелі түрде жақсарту мақсатында технологияларды, ғылымды, креативті форматтарды және қоғамның қатысуын біріктіре отырып, экологиялық әділетсіздік мәселесін шешуге бағытталған жеке қор.

Әр адам әлеуметтік мәртебесіне, табыс деңгейіне және ұлтына қарамастан, денсаулық пен таза ауаға құқылы.
Біздің миссиямыз
Бүгінде Алматы экологиялық әділеттілік қағидатының сақталмай отырғанының айқын мысалы болып отыр. Алматы тұрғындарының едәуір бөлігі үшін таза ауаға қол жеткізу әлі де абсолютті құқық емес, артықшылық болып қалып отыр.
Бұл қала тұрғындарының, соның ішінде балалардың денсаулығына елеулі зиян келтіреді.
Сонымен қатар, ауаның ластануы қаланың экономикалық дамуына кері әсер етеді. Бүгінде әлемдегі ең құнды ресурс — адами капитал үшін бәсекелестікте Алматы ауаның ластануына байланысты айтарлықтай жеңіліске ұшырап отыр: бұл мәселе таланттар мен инвестицияларды тартуды қиындатып, зияткерлік көші-қон мен білікті мамандардың кетуін жеделдетеді. Егер әрекет етпесек, Алматы тұрғындарының денсаулығынан ғана емес, өзінің бәсекеге қабілеттілігінен де айырылу қаупіне тап болады.
Біздің мақсатымыз
Біздің принциптеріміз
— Ашықтық және түсініктілік: ауа ластануының зиянын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіреміз;
— Жауапкершілік: адамдардың денсаулығы мен болашақ ұрпақтың мүддесі үшін әрекет ету;
— Инновациялар: мәселені шешу және ластанудан қорғау үшін технологиялар мен заманауи талдау және зерттеу әдістерін қолдану;
— Ынтымақтастық: бизнес, билік, ғылым және азаматтардың күш-жігерін біріктіру;
— Ұзақ мерзімді көзқарас: болашақты ойлап, ондаған жыл бойы құндылығын сақтайтын шешімдер қалыптастыру.
Біздің тарихымыз
«Almaty Air Initiative» қоры 2024 жылы құрылды. Оның негізін қалаған кәсіпкерлер Арсен Томский мен Қайрат Ахметов Алматының сұлулығы мен бірегейлігін тұрақты смог пердесі, көлік шығарындылары мен күйенің иісі бұзып тұрғанына алаңдады. Ластанған ауа қала туралы әсерді ғана бұзып қоймай, тұрғындардың, соның ішінде кәсіпкерлердің өздерінің, олардың ұйымдары қызметкерлерінің және отбасыларының денсаулығына қауіп төндіреді.
Бұл жағдаймен келіскісі келмеген олар бірігіп, экологиялық мәселемен күресуге бағытталған қор құрды.
Almaty Air Initiative тәуелсіз сараптамалық орталық ретінде жұмыс атқарып қалалық экологиялық саясат саласында қолданбалы шешімдер әзірлейді. Олардың қатарында көлікті реттеу, төмен эмиссиялы аймақтарды енгізу, энергетикалық ауысу және «ақылды» қалалық инфрақұрылымды дамыту бар.
Озық технологиялар мен креативті форматтарды біріктіре отырып, AAI дәлелдер базасы мен қоғамдық күн тәртібін қалыптастырады. Бұл ауа сапасын жақсартуға бағытталған тұрақты қоғамдық сұраныстың қалыптасуына ықпал етіп, қаланың экологиялық трансформациясына жаңа қарқын береді.

Арсен Томский
inDrive негізін қалаушы және бас директоры
Біз жаңа технологиялар, ғылым мен өнер сияқты ауқымды әсер ету құралдарын пайдаланып, БАҚ-ты, қоғамдық пікір көшбасшылары мен сарапшыларды тарту және билік өкілдерімен диалог жүргізу арқылы алдағы бірнеше жылдың өзінде смог мәселесін шешуге қуатты серпін беріп, бұл үдерісті жеделдетуге және Алматының ауасын таза етуге болады деп сенеміз.
Алматыны мысал ретінде пайдалана отырып, тиімді жоба құрылымын әзірлей отырып, біз оны болашақта бүкіл әлемде таза ауа мен суға қол жеткізу мәселелерін шешу үшін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Барлығымызға сәттілік!

Қайрат Ахметов
Sergek Group IT-компаниялар тобының тең құрылтайшысы және Freedom Telecom бас директоры
Пікірлес адамдар тобымен бірге біз Almaty Air Initiative (AAI) қорын құрдық. Жобаның мақсаты — бүкіл Қазақстанда экологиялық әділеттілік қағидаттарын орнықтыру және нығайту.
Біздің алдымызға қойған міндетіміз — елімізде Қоршаған ортаны қорғау әділдігіне байланысты (Environmental Justice) қағидаттарын енгізу. Бұл жолдағы алғашқы ірі жеңісіміз Алматыдағы ауа сапасының айтарлықтай жақсаруы болуы тиіс.