Жулдыз Саулебекова
Исполнительный директор Almaty Air Initiative
Фактілерден құндылықтарға дейін: неге біз ауа туралы шығармашылық пен креативтік форматтар арқылы айтамыз
Бізге Almaty Air Initiative неге тек деректерге, зерттеулерге және policy-ге емес, шығармашылыққа, сторителлингке және әзілге инвестиция көп салады деген сұрақ жиі келеді.
Бір жарым жылдық жұмыс ішінде біз:
– режиссер Қанат Бейсекеевтің “Алматы? Смогпен өмір сүрген ОК ма?” деректер фильмін
– BayGuys командасымен “Мстительдер” сериалын
– TengriNews-пен серіктестікте төрт ананың оқиғасын
– Central Stand Up Club клубымен және режиссер Қуаныш Бейсекпен бірге стендап-спектакльді шығардық.
Проблема туралы бәрі білсе, хабардарлық деңгейін арттырудың не қажеті бар деген күмәнді де жиі естіп жатамыз.
Біріншіден, біздің зерттеуімізге сәйкес барлығы хабардар емес.
Екіншіден, біз арт пен медианы ауамен мәселенің бар екені туралы хабарлау үшін ғана пайдаланбаймыз.
Біз бұл тақырыпқа деген көзқарасты өзгерте алатынмызға көзіміз жетті.
Бірақ оның себебі неде?
Адамның миі құндылықтарды қалай қалыптастыратынына арналған Hidden Brain подкастының шығарымдыларының бірінде нейропсихолог Мэри Хелен көрнекі мысал келтіреді. Оның студенттеріне құқық қорғаушы және Әлемдік Нобель сыйлығының иегері Малала Юсуфзай Тәліптердің қадағалауымен мектепке бару қорқынышы туралы сөз қозғаған бейне көрсетіледі.
Исела атты жасөспірімнің бұған бәрі күткен реакция береді – жаны ашиды. Бірақ біраз кідірістен кейін Исела басқа ойлау режиміне өтеді.
Бұл кідіріс нейрологиялық тұрғыдан маңызды.
Ол бұл оқиғаны өз өмірімен: білімімен, ғалым боламын деген армандарымен салыстырады. Сөйтіп, оның бойында бірнәрсе оянады да, бұл әділетсіз, әркім білім алуға құқылы дейді.
Нақты оқиғадан ол әр адам өз болашағын таңдауға құқылы деген құндылық қалыптастырады.
Бұл трансценденті ойлау деп аталады.
Оқиға → мен → қоғам → құндылықтар
ақпарат → бірегейлік → моральдік ұстаным
тізбегінде менталдық секіріс пайда болатын сәт.
Дәл осыны біз ААІ науқандары арқылы іске қосуға тырысып жүрміз.
Біздің жобаларымыз ауа ластануын абстрактілі тақырыптан жеке норма мен әділеттілік мәселесіне аударады. Деректер мен фактілер қажет болғанымен, олар мінез-құлықты тікелей өзгерте алмайды. Өзгерте алса, темекі тартатындар болмас еді, өйткені олар да темекінің зиян екенін жақсы біледі.
Әзіл туралы да айта кеткен жөн.
Әзіл – тақырыпты оңайлату және мәселені “жұмсарту” емес. Бұл қорғаныс реакцияларын айналып өту жолы. Ауыр, уайым, кінәлілік сезімін туғызатын тақырып болған кезде адам инстинктивті түрде жабылып қалады. Әзіл осы ауырлықты алып тастап, әңгімені қауіпсіз тұрғыдан бастауға мүмкіндік береді.
Күлкі қашықтық сыйлайды және сол қашықтықта ойлануға орын пайда болады. Адам күліп барып, жағдай күлкілі емес екенін түсінеді. Дәл осылай автоматты реакциядан түйсінуге дейін іште өзгеріс жүреді.
Біздің жобаларымызда әзіл трансцендентті ойлау триггері қызметін атқарады. Ол қалыпқа айналып кеткен ластанудың абсурд екенін көруге мүмкіндік береді, “біз неге бұған көндік?” деген сұрақты қоюға итермелейді және үйреншікті “қала осылай құрылған” дегеннен “бұлай болмауы керек” деген ойға алып келеді.
Негізінде, біздің барлық креатив жобамыз — әңгіменің бағытын:
– “білемін, енді қайтейін?” дегеннен → “маған бәрі бір емес” дегенге,
– “өкінішті” дегеннен → “бұлай болмауы керек, мұны өзгерту керек” дегенге ауыстыру үшін жасалған.
Кез келген өзгеріс бірнәрсенің дұрыс не бұрыс екені туралы шешімнен басталады.
Ал егер ол үшін күлкі, көз жасы, абсурд немесе мықты көрнекі бейнелер керек болып жатса, демек, біз оны жасаймыз.




