Жылдық есеп 2025

Almaty Air Initiative қоры Алматыдағы ауа сапасының мониторингі, экологиялық аналитика және регуляторлық өзгерістер саласындағы негізгі жетістіктерді қорытындылайтын 2025 жылғы жылдық есебін жариялады.
Деректер, тұжырымдар мен қор стратегиясы қамтылған есептің толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://drive.google.com/file/d/18lg5jiBLoV-tcF558qaH1PEQWOU_CEOn/view
Қысқаша шолу
2025 жылы Almaty Air Initiative экологиялық жобадан институционалдық сараптама орталығы форматына көшті. Биылғы жыл масштабтау кезеңі болды: қордың технологиялық және сараптамалық көшбасшылығы іс жүзіндегі заңнамалық өзгерістерге және халықаралық мойындауға айналды.
Біздің тәжірибеміз деректер мен сараптама қалалық ортаның болашағы туралы сындарлы диалогтің негізіне айналатынын растайды. Тәуелсіз мониторинг желісін дамыту және аналитикалық платформаны іске қосу ауа сапасын жақсарту бойынша өзекті жүйелі шараларда көрініс тапқан объективті базаны қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қор ғылым, қоғам және билік арасындағы көпірге айналды, оның құзыреттері мемлекеттік деңгейде шешім қабылдау процестеріне біріктірілген. Шығармашыл және медиа жобалар арқылы біз таза ауаға деген тұрақты қоғамдық талап-тілекті қалыптастыра отырып, ауа сапасы тақырыбын бұқаралық мәдениеттің бір бөлігіне айналдырдық.
Біздің жұмысымыздың практикалық нәтижесі технологияларды, зерттеулерді, халықпен жұмысты және қала саясатын біртұтас циклге біріктірген AIR-TARGET – фреймворк әдіснамасын әзірлеу және сынақтан өткізу болды. Алматыда осы модельді сәтті сынақтан өткізе отырып, 2026 жылы біз құралнамамыздың әмбебаптығын растауға тырысамыз. Пәкістан мен Непалдағы AAI тәжірибесін масштабтау жаһандық контексте қазақстандық шешімдердің қажеттілігін тексеретін болады.
2025 жылғы басты жетістіктер
Стратегиялық серіктестік және тұрақтылық
- 300 млн теңге жеке инвестициялар тартылды; серіктестер: Halyk Bank, Нұрлан Смағұлов Қоры, Алмаз Тультаев.
- Алматы қ. бекітілген «Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларында» бірлескен авторлық
Технологиялар және инновациялар
- 170 мониторинг станциясы – Азиядағы ең ірі жеке желі.
- dashboard.air.org.kz платформасын іске қосу және деректерді IQAir, Open AQ, AirGradient жаһандық платформаларына біріктіру.
- Орталық Азиядағы алғашқы аллергендердің AI-мониторингін енгізу.
Зерттеулер және дәлелдер базасы
- Аналитика: PM2.5 және NO2 бойынша кешенді зерттеулер жарияланды; көлік пен энергетиканың ауаның ластануына қосқан үлесін математикалық модельдеу жобасы басталды.
- Әлеуметтану: хабардарлықтың өсуін және қала тұрғындарының эко-реформаларға деген көзқарасының өзгеруін тіркеген 3 зерттеу жүргізілді.
Коммуникациялар және қамту
- Шығармашыл жобалар: «BayGuys» мини-хикаясы, «Таза әзілдер» стендап-қойылымы және басқа да жобалар жалпы 2,1 миллионнан астам қаралым жинап, экологияны бұқаралық мәдениеттің бір бөлігіне айналдырды.
- Медиа-қатысу: БАҚ-та 300-ден астам жарияланымда аталу. Власть, Steppe, TengriNews медиа-ресурстарымен арнайы жобалар жүзеге асырылды.
Халықаралық және мемлекеттік мойындау
- ҚР Сенатының Спикері деңгейіндегі жария пікірталастарға сараптамалық қатысу, Digital Bridge сияқты ірі технологиялық форумдарда сөз сөйлеу және елдің жетекші медиа-ресурстарына (24KZ, Qazaqstan TV және т. б.) тұрақты аналитикалық қолдау көрсету.
- Жаһандық күн тәртібі: Бішкектегі UNEP саммиттерінде және Лахордағы (Пәкістан) Clean Air Summit-те Алматының кейсін ұсыну.
- Білім: қаланың жетекші мектептеріндегі (Haileybury, NGS, Shoqan School) ағартушылық жұмыс.