Almaty Air Initiative тобы 18-19 ақпан аралығында Непалдағы Катманду қаласына барды.

Сапар барысында елдегі таза ауаның болашағына арналған біз алғашқы Kathmandu Clean Air Dialogue сараптамалық дөңгелек үстел өткіздік. Біз үшін Непалдың Орман шаруашылығы және қоршаған орта министрі, 2026 жылғы қаңтардан бері уақытша физикалық инфрақұрылым және көлік министрінің міндеттерін атқарып жүрген Матхва Прасад Чаулагаиннің қатысқаны үлкен мәртебе болды.

Катманду Алматы қаласына қатты ұқсайды. Бұл қала да тау бөктерінде орналасқан және оның географиялық орналасуы қыста смогтың артуына себеп болады.

Ресми деректерге сәйкес жыл сайын ауаның ластануы Непалда 48 500-ден астам мезгілсіз өлімнің себебі болып отыр. Алайда бұл дек денсаулық сақтау саласының мәселесі емес. Таланттарға, инвестиция мен инновацияларға деген халықаралық бәсекелестік жағдайында ауаның сапасы елдің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші болмақ.

Раджеш Гаутам, Хасана Шрестха, Рошани Гири, Бхушан Туладхар және доктор Реджина Маски Бьянджу сияқты жетекші сарапшылармен бірге біз ауаның ластануы мәселесін ғылыми, саяси және қоғамдық тұрғыдан қарастырдық.

Бүгінде Непал ашықтық пен өзгерістердің артқан сұранысы артқан кезеңге аяқ басуда. Осындай сәттерде таза ауа – басшы қоғамның мүддесіне сәйкес әрекет етіп жатқанының объективті көрсеткіші болуы әбден мүмкін.

Бұл сапар біз үшін аса маңызды бір меже болды.

Almaty Air Initiative Taza Initiative брендімен халықаралық деңгейге шығып отар.

Жаһандық экспансия Непалдан басталмақ. Біз Катмандуға тек идеяны емес, Алматыда сынақтан өтіп, тиімділігі дәлелденген мониторинг/диалог технологиясын апарамыз.”

Taza деген атауды біз тазалықты білдіретін қазақстандық түбірін сақтап қалу үшін таңдадық. Непал тілінде де осы сөз “таза, балғын” дегенді білдіреді екен.

Алдағы айларда біз жергілікті команда құруға, ластану көздерін тереңінен талдауға, бірлесіп саяси шешімдерді дайындауға, қоғамды жұмылдыру бағдарламаларын іске қосуға ерекше назар аударатын боламыз.

Taza Initiative бастамасы – Алматыда ойдағыдай сынақтан өткен үлгіні масштабтауға апаратын стратегиялық қадам: тәуелсіз азаматтық мониторингті дамыту, деректердің ашықтығын арттыру, ластану көздеріне ғылыми талдау жүргізу және қоғам, бизнес және мемлекет арасында сындарлы диалог құру.

Осылайша, Almaty Air Initiative Қазақстандағы жұмысын жалғастыра отырып халықаралық бағытын Taza Initiative арқылы дамытады.

Бұл әлемнің ең лас қалаларының тұрғындарына таза ауаға деген құқығын қайтару үшін жасалған алғашқы қадам.

Қазақстандық бастама әлемдегі оң өзгерістердің көзіне айналғаны біз үшін аса маңызды.

Менің де, командамның да осы жаңа бастамаларға деген шабытымыз шарықтап тұр!