2024 жылдың 22 маусымында Aurora Space алаңында бірінші Almaty Air Meetup шарасы өтті. Іс-шараға 50-ден астам қонақ жиналды.
Қонақтар арасында қорды қолдағысы келетін, волонтерлікпен айналысуға ниетті қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ ауа сапасын жақсарту мәселесімен айналысатын сарапшылар болды.
Панельдік талқылау спикерлері:
Анель Молдахметова
Cityzen Space қорының директоры және AUA Group теңқұрылтайшысы Анель ауа сапасын азаматтық бақылау желісінің құрылу тарихы мен AUA Group бастамасы туралы айтып берді. Ол команда тап болған қиындықтар мен жеңістермен бөлісіп, бұл мәселеде азаматтық қоғамның белсенді қатысуының және диалог орнатудың маңыздылығына тоқтады.
Евгений Мұхамеджанов
«Жасыл Алматы» жобалық кеңсесінің басшысы және ECO Network негізін қалаушы Евгений қалада ауа сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Ол сондай-ақ қоғамдық көлікті көбірек қолдануға үгіттеудің маңыздылығын атап өтті.
Ерлан Бузурбаев
«КазЮрКонсалтинг» серіктесі Ерлан Алматыда атмосфералық ауаны қорғау туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін халықты қандай өзгерістер күтіп тұрғанын түсіндірді. Оның баяндамасы заңнамалық мәселелер мен қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жаңа ережелерге арналды.
Азамат Абдуллаев
«Eco Almaty» директоры Азамат ұйым жұмысы туралы айтып, Алматының экологиясын жақсартуға бағытталған негізгі жобалар мен бастамалармен бөлісті.
Қонақтармен интерактив
Кездесу соңында AAI командасы қатысушылармен бірге бес өзекті мәселе бойынша интерактивті сессия өткізді:
- Қонақтар мен спикерлер ойын түрінде экологиялық мәселелерге назар аудартуда қандай өнер түрлері тиімді екенін талқылап, ауа ластануы туралы хабардарлықты арттыру үшін арт-жобалар идеяларын ұсынды.
- Қоғамның әлеуметтік және экономикалық осал топтарының экологиялық бастамаларға қатысуына кедергі келтіретін тосқауылдарды талдап, оларды тарту бойынша іс-қимыл жоспарын әзірледі.
- Мектеп оқушылары арасында ауа ластануы жайлы хабардарлықты арттыруға бағытталған білім беру жобалары мен инновациялық оқыту формаларының концепциялары жасалды.
- Алматыда төмен шығарынды аймақтарды (ағыл. low emission zones) енгізу жоспары талқыланды.
- Ауа сапасы бойынша мониторинг деректерін халыққа жеткізудің тиімді жолдары зерттелді
Интерактивті сессия барысында азаматтарды экологиялық бастамаларға тарту және ауа сапасын жақсарту бағытында құнды идеялар мен шешімдер ұсынылды.