Сүзгісіз ауа: Неліктен катализаторлар Алматыны құтқара алмайды Көліктер жайлы және одан тыс…

Көліктер жайлы және одан тыс…

Егер Clean Air Act АҚШ-та енгізілмеген болса, Нью-Йорк қазіргі кейпінде болумауы мүмкін еді.
Катализаторлар көптеген қалаларды ауаның ластануынан қорғады. Бұл ақиқат. Каталитикалық нейтрализаторлар (катализаторлар) ауа сапасын жақсартуда революциялық құрылғы болып табылады.

Алматыдағы жылдық орташа PM2.5 концентрациясы Нью-Йорктегіден 200–300% жоғары. Катализаторлар 1970-ші жылдардың ортасында енгізіліп, қалалардағы автокөлік шығарындыларын азайтуда маңызды рөл атқарды.

Катализатор деген не?
Олар машинаның түтін шығару жүйесінде орнатылып, зиянды газдарды зиянсыз газдарға айналдырады.
1990 жылдан бері әлемдегі әрбір автокөлік шығарушы зауыт көлікке катализатор орнатуға міндетті. Катализаторлар автокөліктен шығып, ауа ластайтын парникті газдардың 90% астамын тазалайды.

Неліктен Алматыда олар жұмыс істемей отыр?

  • СТО жұмыскерлерінің сараптауы бойынша, қаладағы 40–70 % автокөлік катализаторсыз жүреді
  • Негізгі себептер:
    • Катализатордың тозуы (10–12 жыл өмір сүріп, ауыстырылуы тиіс, ал Алматының таулы жері және жанармай сапасының нашарлығы оларды тез бүлдіреді);
    • Катализаторды кейін сату үшін алу (9–11 г бағасыз метал — платина, палладий, родий) және оның орнына «эмулятор» (лямбда-обманка) қою;
    • Ескі автокөліктер көп, олардың катализаторы өшкен немесе алынып тасталған;
    • Техосмотрдың тиімсіздігі — фото арқылы картаны алу әлі де жалғасуда;
    • Экологиялық бақылау жүйесінің әлсіздігі — эко‑посттардың саны аз, сүзгісіз автокөліктер қала ішінде қалады.

Себептер:

    1. Катализатор тозуы мен алмастырылуының қымбаттығы (85 000–1 000 000 ₸). Алматыда автокөліктердің 58%-ы 10 жастан асқан (ал оның жартысы 20-дан асқан автокөліктер).
    2. Алматыдағы Д.В. Сокольский атындағы Институт пластиктің орнына металдан жасалған, бағасы ≈140 000 ₸ болатын отандық катализаторды жасап шығарды. Бұл шетелдік (160–180 000 ₸) ұсыныстарымен салыстырғанда үнемді. Алайда, маркетте Қытайда шығарлырған катализаторларды әлдеқайда арзан бағаға табуға болады (60–65 000 ₸).
    3. Катализаторды сату арқылы кейбір автосервистер ақша табады, сондықтан сатушылар арнайы қызмет ұсынады. ОLХ‑де бұған қатысты 100‑ден астам жарнама табылды.
    4. Жергілікті және халықаралық ұрлықтар: Алматыда автосервистер клиент көлігінен катализаторды ұрлайтын жағдайлар кездеседі.
    5. Заңдық түрде, катализаторсыз көлік: 36 920 ₸ айыппұл төлеп, катализаторды қалпына келтіруге міндеттеледі.
    6. Мини-НПЗ жанармай сапасы 2017 жылдан бергі зерттеу деректері жоқ, бірақ 2024 ж. бастап құрылыс лицензиялары шектеліп жатыр.

Халықаралық тәжірибе (АҚШ, Мексика)

  • 1970–80‑ші жылдарда катализатор енгізіліп, PM концентрациясын және ауадағы смогты азайтуда тиімді болды.
  • Мексика қаласында PIREC 2014 ж. бағдарламасы бойынша 15+ жастағы автокөліктерде 30 221 катализатор, ал жаңа автокөліктерде 14 703 катализатор ауыстырылды.
  • Мемлекет жүйелі мониторинг, ауа болжау, жанармай сапасын бақылау және қоғамдық көлікті қолдау арқылы ластануды азайтты.
31 июля 2024
Денсаулық