Almaty Air Initiative акциясы: Көлік шығарындыларын өлшеу

Нәтижелері

Автотранспорт шығарындылары – Алматыдағы ауаның нашар сапасының негізгі себептерінің бірі. Қалада әкімшілік полиция басқармасы мәліметі бойынша шамамен 600 000 автокөлік тіркелген. Күн сайын “Сергек” жүйесі дерек бойынша қалаға шамамен 400 000 көлік кіреді. Дегенмен шығарынды бақылауы 19 эко-постта ғана жүзеге асырылады. Олар тәулігіне шамамен 50 көлікті тексереді, бұл ағынды толық қамтуға мүмкіндік бермейді.

Қосымша мәселе – техникалық тексерудің тиімсіздігі. Біздің зерттеу бойынша, шығарындыға бақылау жоқтың қасы, көп автокөлік катализаторсыз жұмыс істейді. Сапалы техтексеру болмағандықтан, жүргізушілер көліктерінің экологиялық талаптарға сай екеніне сенімді бола алмайды.

Сонымен, жүргізушілер нормалардан асып кеткені үшін айыппұлға тап болуы мүмкін, бірақ шын мәнісінде көліктерінің шығарынды нормаларын өздері тексере алмайды. Егер айыппұл қарастырылса, онда алдын алу шаралары (мысалы, техосмотр) да тиімді болуы тиіс.

Тегін тексеру: ауаны бірге жақсартамыз

Автокөлік иелері үшін шығарынды нормаларын тегін тексеру акциясын бастадық. Бұл жүргізушілерге ешқандай айыппұл қауіпінен қорықпай, автокөліктерін тексеруіне мүмкіндік берді.

“Ренессанс Плюс” компаниясының зертханасымен бірге экопосттардағыдай бірнеше жерде газ шығарындылар өлшедік. Маңыздысы: нәтижелер анонимді түрде жарияланады, дерекқорға енгізілмейді және бақылау органына жіберілмейді.

Газдар және нормалардың асуы нені білдіреді

  1. Көміртегі оксиді (CO) – түссіз, иіссіз токсин; толық жанбаған жанармайдан пайда болады. Нормадан көп болса, жану процесі дұрыс емес деген сөз. Себептері: картер желдеткіші, ауа сүзгісі, қозғалтқыш-сүрге жетпестік, жанармай қысымының ауытқуы немесе катализатордың істемеуі.
  2. Көмірсутектер (CH) – толық жанбаған жанармайдың органикалық қосылыстары. Олардың нормадан асып кетуі – жанармай салу жүйесі, майлағыш, тұтану жүйесінің ақаулары немесе катализатордың болмауы мүмкін екенін көрсетеді.

Өлшеу нәтижелері:

  • 1988–2022 аралығында жасап шығарылған 51 автокөлік тексерілді.
  • Нәтижесі:
    • 33 көлік (яғни, 65%) – нормадан асқан.
      • 23 автокөлікте CO нормадан жоғары.
      • 23 автокөлікте CH нормадан жоғары.
  • Кей көліктер бірнеше көрсеткіш бойынша нормадан асып кеткен.

Өлшеу әдістері және нормативтері

Бензин және газ көліктері үшін:

  • CO және CH концентрациясы арнайы газанализатор арқылы өлшенеді.

Дизель көліктері үшін:

  • Көліктен шығатын газдың түтін дәрежесін зерттеу арқылы қалдық газдың жану сапасы және көлік механизміндегі ақаулар бағаланады.

2024 ж. 1 қаңтардан бастап жаңа стандарт – СТ РК 1433-2023 күшіне енді:

  • Бензинді көліктер CO ғана емес, CH бойынша да тексеріледі.
  • 2023 жылдың соңына дейін жұмыс істеген стандарт бойынша тек CO тексерілетін.

Экологиялық класс көліктердің шығарындыларына қарай анықталады. Нормадан аспаған жағдайда ӘҚБК 334 бап бойынша 10 МРП (36 920 ₸) көлемінде айыппұл салынады.

Неге нормадан көп көлік бар?

  • Ескірген автопарк – экологиялық талаптарға сай келмейтін көліктер.
  • Жүргізушілердің экология туралы аз білуі – тексеруден жалтарып, экологияға көңіл бөлмеуі.
  • Катализатордың болмауы.
  • Техосмотр жүйесінің нашар жұмысы – бақылау жеткіліксіз.
  • Экологиялық талаптарға сай келмейтін шетелден кірген автокөліктер.

Қорытынды:

  • Көліктердің жасы ұлғайған сайын нормадан шығу деңгейі артады.
  • Көп көлікте катализатор жоқ, оның орнына басқа бөлшекті қолдану қауіпті шығарындыларды арттырады.
  • Бақылау жүйесін жетілдіру, жүргізушілерді экология нормаларына сай тексеру қажет. Бұл ауа сапасын жақсартып, келешек ұрпаққа таза қоршаған ортаны аманат етіп қалдыруымызға көмектеседі.
14 августа 2024
Автокөлік