Негізгі деректер:

  • PM2.5 бөлшектері ДДСҰ нормасынан 5 есе жоғары
  • Азот диоксиді (NO) деңгейі қауіпсіз шектен 4 есе артық
  • 201 күн бойы ауа денсаулыққа қауіпті, және тек 164 күн ғана қалыпты деңгейде
  • Солтүстік аудандардың 56% тұрғыны ауаның сапасын “жаман” немесе “өте жаман” деп бағалаған

Нақты әрекеттер жылы

2024–2025 жылдары AAI қоры Алматыдағы ауа сапасын жүйелі зерттеу мен оны жақсарту жолдарын табуға бағытталған негізгі зерттеулер мен жобаларды жүзеге асырды:

  1. Әлеуметтік және далалық зерттеулер
  • Алматының 1000 тұрғыны арасында ауа сапасы және экологиялық көзқарас бойынша сауалнама өткізілді. Сонымен қатар жеке сектор тұрғындары арасында 1000 респондентке сауалнама жүргізіліп, жылыту, шығарындылар және тұрмыстық әдеттер талданды.
  • Фокус-топтары жүргізіліп, жүргізушілер мен жолаушылардың LEZ туралы пікірлері жиналды.
  • Катализаторлардың қолданылу ерекшеліктері мен олардың тиімділігі талданды.
  • “Жасырын сатып алушы” жобасы аясында техникалық байқау жүйесінің адалдығы зерттелді.
  1. Ғылыми-талдамалық жұмыс
  • 2023–2024 жылдардағы PM2.5 және NO көрсеткіштері бойынша ластану деңгейі зерттелді.
  • Қаладағы ірі жанармай бекеттерінде отын сапасы тексерілді.
  1. Іс-шаралар және халықаралық ынтымақтастық
  • Ұлыбританияның Logika Group сарапшыларымен бірлесіп, төмен эмиссиялы аймақтарды (LEZ) енгізу бойынша семинар ұйымдастырылды. Онда халықаралық тәжірибе, Алматыға бейімделген сценарийлер мен кезеңдік жоспар талқыланды.
  • Қолданбалы модельдеу әдістемелері бойынша воркшоп өткізілді — рельеф, ауа райы, көздердің биіктігі және тәуліктік әсерлер зерттелді.
  • Алматы әкімдігімен бірлесіп жаңа экологиялық стандарттарды әзірлеу жұмыстарына қатыстық.
  1. Цифрлық құралдар және аналитика

2023 жылдан бастап жиналған деректер негізінде Алматының ауа сапасы бойынша интерактивті дашборды әзірленді. Бұл құрал қала деңгейінде шешім қабылдау мен талдауға арналған маңызды аналитикалық платформаға айналды.

  1. Медиа және ағарту бастамалары
  • Режиссер Қанат Бейсекeевтің “Алматы? Смогпен өмір сүру – ОК па?” деректі фильмі түсірілді – қоғамда кең талқылау тудырды. Youtube желіде 200 мыннан астам қаралым
  • BayGuys студиясымен бірлесіп, “Мстительдер” веб-сериалы жарық көрді (бір айда 1,4 миллион қаралымнан астам).
  • Tengrinews және Vlast.kz порталдарында ауа сапасы тақырыбында арнайы медиа-жобалар жарияланды.
  • Алматының жаһандық IQAir ауа сапасы рейтингіне енгізілуі – қордың бастамасымен – медиа кеңістігінде кең талқылау тудырды. Ауа сапасының нашарлауы туралы тақырып жүздеген жарияланымда көтеріліп, бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтың назарын аудартты.

Келесі жылға жоспарлар:

  • Ауа сапасын бақылау үшін бірнеше түрдегі ластағыштарды өлшейтін датчиктер желісін орнату. Бұл желі ауа сапасын нақты уақыт режимінде бақылауға және шығарындыларды қадағалауға мүмкіндік береді.
  • Қолданбалы экологиялық модельдеу үшін цифрлық платформаны әзірлеу. Бұл платформа әртүрлі ластау көздерінің үлесін аудан және маусым бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Алматының географиясы мен климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, платформа ластану құрылымын неғұрлым дәл түсінуді қамтамасыз етеді және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға, сондай-ақ ең проблемалы аймақтарда шығарындыларды азайтуға негіз болады.
  • Акиматқа ақпараттық-коммуникациялық стратегия әзірлеуге және креативті кампанияларды іске қосуға көмектесу. Бұл кампаниялар қоғамның хабардарлығын арттыруға және экологиялық реттеу шараларын, соның ішінде халық арасында танымалдығы төмен төмен шығарындылар аймақтарын енгізуді қолдауға бағытталатын болады.
  • Алматы мысалында әзірленген құралдар жиынтығын қалыптастыру. Бұл құралдар ауа сапасын жақсарту бойынша бүкіл әлемде қолдануға болатын шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді және жобаны жаһандық бастамаға айналдыруға жол ашады.
  • Халықаралық ұйымдар және сарапшылармен жұмысты кеңейту.

Жұлдыз Саулебекова, Almaty Air Initiative қорының атқарушы директоры:

«Біз жеке бастаманың ойынды өзгертетін күшке ие екенін дәлелдедік: смогпен өмір сүру — қалыпты емес екенін ашық айтуға, адамдардың мінез-құлқына ықпал етуге, реттеуші өзгерістерді қалыптастыруға және мемлекеттік органдар, бизнес пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты құруға болады. Бұл — тек ауаға емес, қаламыздың 2,5 миллион тұрғынының болашағына әсер ету деген сөз. Алда әлі атқарар жұмыс көп, бірақ бір нәрсені нақты білеміз: Алматы таза ауамен тыныстауы тиіс».