Қазіргі таңда экологиялық мониторинг негізінен PM2.5 және PM10 бөлшектері туралы визуалды ақпарат беруге бағытталған.

Алайда бұл деректер тиімді басқару шараларын қабылдау үшін жеткіліксіз.

Семинар көрсеткендей, Алматы ақпараттандырудан басқаруға көшуі тиіс – яғни, нақты талдау, болжау және ластанудың жеке көздерінің үлесін анықтау мүмкіндігін беретін құралдарды қолдану қажет.

Қазіргі уақытта ауа сапасы қалай бақыланады?

Қазақстанда ауа сапасын бақылау мен бағалау үшін әлі де ОНД-86 нормативтік әдістемесі пайдаланылады.

Бұл әдіс 1986 жылы кеңестік ғалымдармен әзірленген және бүгінгі мегаполис жағдайына сай келмейді:

күрделі жер бедері мен қалалық құрылысты ескермейді;

ластаушы заттардың тік бағыттағы таралуын назарға алмайды;

ескірген коэффициенттер мен орташа бағалауларға сүйенеді.

Көлік, ЖЭО, қазандықтар және жеке сектор секілді әртүрлі шығарындылар көзі бар мегаполис үшін мұндай тәсіл толық көрініс бермейді және негізделген экологиялық саясат қалыптастыруға кедергі келтіреді.

Сарапшы не ұсынады?

Шақырылған сарапшы – Алексей Романов, техника ғылымдарының кандидаты, A2R&DLab зертханасының негізін қалаушы және доцент, семинар барысында GRAMM/GRAL технологиясын таныстырды.

Бұл – ластану таралуын модельдеуде Лагранж әдісін қолданатын заманауи модельдік кешен.

Осындай модель негізінде жасалған интерактивті картада ластану деңгейі микрорельефті, қала құрылысын, климат ерекшеліктерін, ластану көздерінің орналасуын және басқа да факторларды ескере отырып бейнеленеді.

Бұл тәсіл әрбір көздің белгілі бір нүктедегі жеке үлесін анықтауға мүмкіндік береді.

Модель қазірдің өзінде Грац, Цюрих, Гейдельберг және Красноярск сияқты қалаларда табысты қолданылып келеді.

GRAMM/GRAL жүйесінің мүмкіндіктері қаладағы ауа сапасы қалай өзгеретінін болжауға мүмкіндік береді — мысалы, ЖЭО-ны газға көшіру, фильтр орнату, автопаркті жаңарту немесе төмен эмиссиялы аймақтарды енгізу жағдайында.

Толық есеппен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://drive.google.com/file/d/1YOfu_1QgwzpEWdH1UOhEtHAO1TKGboXd/view